Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЖаңалықтарБЕРЕКЕ БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ БОЛСЫН!

БЕРЕКЕ БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ БОЛСЫН!

Күні кеше Ұлытау облысында өткен  Ұлттық құрылтайдың отырысында «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов сөз сөйлеп,  елімізде өткен  тарихи референдум елімізде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан сенімсіздік сеңін бұзып, билік пен халықтың арасындағы өзара сенімді нығайта түскенін айтты. 

Әділетті Қазақстанның басты көрінісі – әділ сайлау. Осы орайда Жаңа Қазақстанның алғашқы саяси науқаны бұрын-соңды болмаған ашықтық, әділдік жағдайында өткені мәлім. Референдум асқан белсенділікпен, әкімшілік күштеусіз, нығыздаусыз, халықты әбігерге салмай өткізілді. Оның қорытындыларын бұрындары елдегі сайлау үдерісін үнемі сынап келген халықаралық ұйымдардың өзі оң көзбен қабылдап, оң баға беріп жатыр. Тіпті, еліміздегі әсіре сыншыл топтардың өзі де өзгерістердің дұрыс жақта өрбіп отырғанын мойындауға мәжбүр болды. Бұның өзі айқындаған стратегиялық бағыттың дұрыс екенін дәлелдеп отыр. Жалпы алғанда, біз мынаны айқын түсініп-түйсініп алғанымыз абзал – заман түбегейлі өзгеріп жатыр, – деді Е. Қошанов.

Партия төрағасының айтуынша, біз өмірдің өзгергенін, қоғамның өзгергенін ескере отырып, өзіміз өзгере бастауға міндеттіміз.

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы. Біздің елімізде 130 – дан астам ұлт өкілі бір ананың баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстан – алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі. 

Жаңа Қазақстан құру үшін ынтымағымызды, бірлігімізді жоғалтпай, қажырлы еңбек етуіміз керек. Барлығымыз зор жауапкершілікті, табандылықты, шынайылықты көрсете отырып, нағыз демократиялық және әділ мемлекет құра аламыз.

Сулайманов Лазиз Низамханұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР