Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметИнфрақұрылымПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА!

ПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА!

Шымкент қаласы бойынша «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының «Шалғай елді-мекендерді дамыту» бағытында 2022 жылы атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтетін болсам,  Шымкент қаласында 81 елді мекен бар болса, оның 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал, қалған 3 елді мекен ауыз суды кестемен тұтынып отыр. Олар: Құрсай, Қайнарбұлақ және Сайрам тұрғын алаптары. Биыл барлығы 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

2022 жылдың қорытындысымен  Құрсай,  Асар-2, Текесу елді мекендері мен Нұртас су жинақтағыш имаратының құрылыс жұмыстары аяқталса, қалған елді мекендегі құрылыс жұмысы келер жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен, қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98% –дан – 99%-ға өседі.

Сонымен қатар, елді мекендерге газ құбырын тарту құрылысы қарқын алған. Қазіргі уақытта барлығы 15 нысанда құрылыс жұмыстары  жүргізіліп жатыр. 2022 жылдың қорытындысымен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран 2 кезек, Сәуле елді мекендері  және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталатын болады. 

Ал, электр қуатымен қамту көрсеткішіне тоқсалсақ, қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз.  2022 жылдың соңына дейін Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Солтүстік саяжай елді мекендерінде құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде,  22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға мүмкіндік алып, көрсеткіш 98 пайызға жетеді.

Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы  фракциясының мүшесі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР