Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметИнфрақұрылымЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ОРЫНДАЛУДА!

ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ОРЫНДАЛУДА!

 «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының «Шалғай елді-мекендерді дамыту» бағытында 2022 жылы кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жолға қойылған. Қаланы кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 60 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Партия тарапынан инфрақұрылымды дамыту үшін бақылау күшейтілуде.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының 54 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. Биыл бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу, яғни қосымша 65 мыңға жуық тұрғынды қамту жоспарланған. Бұл мақсатта 20 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік шығыс, Хлопзавод-Шолохов, Жұлдыз елдімекендері кәріз жүйесіне қосылады.

Ал, Асар-2, Тассай, Тұран ішкі жүйелер, Достық, Қайтпас-2, Солтүстік-Батыс шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады. Сонымен бірге, Достық КНС (қайта құру), Арғынбеков коллектор, Тұран ішкі магистрал, Бозарық 74 га аумақтағы құрылыс жұмысы аяқталады. Ал, Нұртас, Тараз ш.а., Айша бибі көшесі, 112 орам құрылысы осы жылы басталатын болады.

Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы  фракциясының мүшесі, Қаратау аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР