Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетМәдениетЕҢБЕК БАТЫРЛАРЫНА АЛҒЫС!

ЕҢБЕК БАТЫРЛАРЫНА АЛҒЫС!

Бүгін Шымкент қаласында   «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Жастар Рухы мүшелерінің бастамасымен «Алғыс айту күніне» орай «Еңбек батырларына алғыс» атты мерекелік фотокөрмесі жоғары деңгейде өтті.

Фотокөрменің мақсаты – жастар арасында атаулы күннің мән-маңызын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпаққа мерекенің идеологиялық құндылығын жеткізу және батырларымызды жан-жақты дәріптеу болып табылады.

Іс-шара аясында белгілі тұлғалардың, түрлі салада жетістікке жеткен азаматтардың суреттері мен өмірі жазылған стендтер қойылды.

Сонымен қатар, фотокөрме соңында сауда орнына келуші тұрғындар «Алғыс айту күнінде» ізгі тілектері мен Алғыстарын жеткізді.

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР