Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЖаңалықтар"NUR OTAN" - НАҚТЫ ІСТЕРДІ АТҚАРУДА!

«NUR OTAN» – НАҚТЫ ІСТЕРДІ АТҚАРУДА!

Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде: «Партияның өміршеңдігі сайлауалды уәделердің қаншалықты орындалатынына байланысты екенін түсіну керек. Менің ойымша, шындыққа жанаспайтын және орындалмайтын уәде бермеген абзал. «Арық айтып, семіз шыққан» жөн. Ақиқатқа тура қарау қажет. Сондықтан партия Үкіметпен және әкімдіктермен бірлесе отырып, сайлау алдындағы уәделердің орындалуын түбегейлі қадағалауы керек», – деген болатын.

Осы орайда айтып өтетін болсам, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың  700-ге жуық ұсыныстары ескерілді. 10 басымдықтар мен 149 тармақ және 475 индикатордан тұратын Жол картасын бес жылда іске асыру үшін бюджеттен 1,3 трлн. теңге қарастырылып отыр. 2021 жылға жоспарланған іс-шаралардың 92 пайызы орындалды.

Қазіргі таңда барлық фракция мүшелері сайлауалды бағдарламаны іске асыру мақсатында түзілген Жол картасындағы өздеріне бекітілген іс-шаралар бойынша партия тарапынан бақылау жасауда. Сайлауалды науқан кезінде тұрғындар алдында берген уәделерімізді толық орындап шығамыз деген сеніміміз мол. Партия әрқашан халықтың талап-тілегін назарда ұстап, әр азаматтың лайықты өмір сүруі үшін жағдай жасап келе жатқанына куәміз.  

Сонымен қатар, Жол картасында 2022 жылға жоспарланған іс-шаралар сапалы әрі уақытылы орындалуы үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып жұмыс жасайтын боламыз. Баршамыздың негізгі ұстанымымыз – халықтың игілігі үшін адал қызмет ету болып табылады. Еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ете берейік!

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы.

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР