Ұлттық банк 2026 жылғы 25 маусымнан бастап ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноталармен төлем жасауға болмайтынын еске салды.
Бұл банкноталарды банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде үш жыл ішінде айырбастауға болады. Ал Ұлттық банктің филиалдарында олар мерзімсіз қабылданады.

Бірінші суретте – ескі үлгідегі, екінші суретте – жаңа үлгідегі банкноталар көрсетілген.



