Құрметті жерлестер!
Баршаңызды мұсылмандар үшін қасиетті болып саналатын Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Айтулы мереке мейірім мен шапағаттың, ізгілік пен жомарттықтың белгісі болып табылады. Мейрам қоғамның рухани-адамгершілік негізін нығайтуға ықпал етеді.
Мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Шаңырақтарыңызға құт-береке, амандық, мол бақыт, бейбіт өмір және кең өріс тілеймін!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы
Атқарушы хатшысының орынбасары
Байқонысов Ербол Рәбілұлы



