Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Құрбан айтта қандай мекемелер жұмыс істемейді?

Құрбан айт мерекесіне байланысты 27 мамыр күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, бұл күні кезекші бөлімдер де азаматтарды қабылдамайды.

«Мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімдер де әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, елімізде Құрбан айт мерекесіне орай ресми демалыс жарияланған. Ал демалыс күндері елімізде мемлекеттік мекемелер, банк бөлімшелері, мектептер мен колледждер, халыққа қызмет көрсететін кейбір орталықтар жұмыс істемейді.

Биыл Құрбан айт мерекесі ерекше форматта тойланбақ: Бас мүфти маңызды мәлімдеме жасады

Ал әуежайлар, вокзалдар мен ауруханалар, полиция және төтенше жағдай қызметтері, ірі сауда орталықтарының бір бөлігі әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар