Бұл жаңашылдыққа сәйкес, егер азаматтың ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинағы болса, ол зейнеткерлік жасқа жеткен кезде БЖЗҚ-ға жеке өтініш бермей-ақ автоматты түрде төлем ала бастайды.
Енді ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер өтінішсіз рәсімделеді. Жаңа тәртіп кімдерге қатысты екені белгілі болды. 2026 жылғы наурыздан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдерді өтінішсіз, яғни проактивті тәртіпте жүзеге асыруды енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
- мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны тағайындау кезінде;
- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және/немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төлемдерді рәсімдеу кезінде.
- егер жинақ көлемі ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, қаражат біржолғы төлем ретінде беріледі;
- егер жинақ бұл сомадан асып кетсе, онда төлемдер міндетті жарналар есебінен берілетін зейнетақымен бірге ай сайын, жинақ толық таусылғанға дейін төленеді.
- зейнеткерлік жасқа жеткен,
- бірақ осы уақытқа дейін ЕЗЖ есебінен төлем алуға жүгінбеген азаматтарға қолданылады.
- 50 жасқа толған азаматтар,
- мүгедектігі бар адамдар да осы санатқа кіреді.
- enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке,
- БЖЗҚ мобильді қосымшасына,
- немесе Қордың бөлімшелеріне жүгінуге болады.
- төлем алу үдерісін жеңілдетуге,
- азаматтардың жинақтарының пайдаланылмай қалу қаупін азайтуға бағытталған.



