Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Мемлекеттік күзет қызметі: Көктемде шақырылған сарбаздар ант қабылдады

Айрықша мақсаттағы күштерінің әскери бөлімдерінде 2026 жылғы көктемгі шақырылым бойынша мерзімді әскери қызмет сарбаздарының Әскери ант қабылдау рәсімі болды.

«Айбын» президенттік полкі» әскери қызметшілерінің Әскери ант қабылдау рәсімі Астана қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументі жанындағы алаңда, ал «Батыр» президенттік полкі сарбаздарының осындай салтанаты Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті.

Әскери ант қабылдау салтанатына жас сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты.

ҚР МКҚ қатарындағы 2026 жылғы көктемгі шақырылым бойынша мерзімді әскери қызмет сарбаздары еліміздің барлық аймақтары мен республикалық маңызы бар қалаларынан іріктеліп алынған. Олар әскери бөлімдердің далалық оқу орталықтарында жаңа шақырылым сарбаздарын дайындау курсынан өтті.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар