Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан

Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы 40%-ға азайды

Қазақстанда ұялы телефон мен қалта ұрлығының саны төмендеп келеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері мобильді құрылғыларды ұрлау деректері 40 пайызға қысқарған.

Полиция қызметкерлері осындай 900-ден астам қылмыстың бетін ашып, ұрланған телефондарды иелеріне қайтарды. Сонымен қатар 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылды. Ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылған.

Құқық қорғау органдары ұрланған техниканы сатумен айналысатын орындарды да бақылауға алған. Мәселен, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталып, одан 30-дан астам ұрланған телефон тәркіленді.

ІІМ өкілдері ұрланған мүлікті сатып алу мен қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Сондай-ақ азаматтарды қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болуға шақырды.

Бұған дейін Ақмола облысы полицейлері шамамен 20 жыл бұрын жасалған ақша ұрлығының бетін ашқаны хабарланған еді.

Қарағанды облысында ұрлық, бопсалау, алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар