Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетПікірҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

Бүгін Мұхтар Әуезов университетінде «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Халықаралық ғылымдағы қыздар мен әйелдер күні» қарсаңында “Гендерлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі” атты форум өтті.

2015 жылдың желтоқсан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы 11 ақпан күнін Ғылымдағы қыздар мен әйелдер күні етіп бекітті. Ондағы басты мақсат – әйелдер мен қыз балалардың ғылымға толық және тең қол жеткізуін, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді, сонымен қатар, ғалым әйелдерге демеу көрсетуді, олардың ғылым мен техника салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуын қолдау болып табылады. Форум спикері “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар. Жиында “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының Төрағасы Нарымбетов Бахадыр үшінші шаһардағы ғалым, профессор қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, Алғыс хат табыстады.

“Гендерлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі “ атты форумға қош келдіңіздер! Еліміздің жетекші партиясы былтыр еліміздің барлық өңірінде Әйелдер қанатын құрып, белсенді жұмысын бастады. Бүгінгі таңда, әлемде ғалымдардың 30 пайызы нәзік жандылардың үлесінде. Әрине, бұл аса үлкен сан емес. Ал біздің елімізде ғылым саласы қызметкерлерінің 54 пайызын ару қыздарымыз еншілейді. Бұл – Қазақстанда қыз баласының білім алуына, ғылыми жолды таңдауда бөгеттердің жоқтығының бір көрінісі.

Бұл – ең әуелі елімізде әйелдер және отбасы ісі, білім және ғылым салалары бойынша жүргізіп отырған оң бағытты саясаты мен дұрыс қойылған жұмыстың дәлелі. Десе де, осы аталған салаларда жүрген қайраткер әпке-сіңлілеріміз бен ару аналарымыздың күнделікті жұмыс барысында кезігер қандай мәселелердің барлығын, олардың шешу жолдарын ортаға салу мақсатында бүгін баршамыз жиылып отырмыз. Ғылымда аянбай еңбек етіп келе жатқан барша қыз-келіншектерді айтулы халықаралық мерекемен құттықтай отырып Форум жұмысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер, – деді өз сөзінде Жанар Әлібекқызы.

Бүгін Форум жұмысына Астана, Алматы қалаларынан және де өңірлерден баяндамашылар мен осы сала эксперттері, партия белсенділері, жастар, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысуда және де ZOOM, YOUTUBE арналары бойынша көрермендер қатысты.

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР