Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатФРАКЦИЯ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕ!

ФРАКЦИЯ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕ!

Шымкент қалалық мәслихатында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі – 20 депутат және мәслихат төрағасы – 1. (10 бір мандаттық, 11 партиялық тізім)

Фракция мүшелерінің 10 – қалалық Саяси кеңес мүшесі, 6 – БПҰ-ның төрағалары және 4-уі филиал жанындағы кеңес төрағалары болып табылады.

2024 жылдың І-тоқсанында фракция отырысы 3 рет өткізіліп, онда 6 мәселе қаралды. Өткізілген отырыстарда тиісті мемлекеттік органдарға 32 ұсыныс жолданды. Отырыстарда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қалалық кірістер және төтенше жағдайлар департаменттері мен басқарма басшыларының есептері тыңдалды.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарга арналған қалалық сайлауалды бағдарламасының Жол картасының орындалу барысы, қала аумағында су тасқынының алдын алу және болдырмау жұмыстары, бөлшек салықты төмендету мәселесі және мемлекеттік сатып алу, құрылыс және су жүйесін талқыланды.

Фракция мүшелерінің жүйелі зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Жол картасының 2024 жылдағы жоспарланған 96 іс-шараның 15 іс-шарасының республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеуіне және жеке инвестициялардың бас тартуына байланысты толық орындалмауына орай өзгерістер енгізіп, қаржы мәселесін толық шешуге атсалысудамыз.  

Айтып өтетін болсам, Жол картасының 2023 жылы жоспарланған 94 іс-шарасының 89-і орындалып,  95 пайызды құрады. 5 іс-шара осы жылы жүзеге асырылады. Бұл нысандарды фракция мүшелерімен партиялық бақылауда ұстап отырмыз.        

Жол картасындағы тармақтардың орындалуы бойынша жауапты фракция мүшелері жыл басынан бері бекітілген нысандарға барып, жеке парақшаларында 94 материал жариялады. Мемлекет басшысының Жолдауы мен партияның бағдарламасын іске асырылуы бойынша жергілікті телеарналар, ютуб каналдары мен газеттерде сұхбаттар беріп келеді.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін фракция мүшелерінің қатысуымен партиялық жобалар бойынша 215 іс-шара ұйымдастырылып, оффлайн және онлайн форматта 4945 азамат қамтылды.   

Сонымен қатар, бекітілген Ережеге сәйкес фракция мүшелері қала тұрғындарына 28 қабылдау өткізіп, 156 азаматтың мәселесін тыңдады. Оның 83 (53%) оң шешімін тапты. Бұған қоса фракция мүшелері шалғай елді мекендерге 13 рет көшпелі қоғамдық  қабылдаулар ұйымдастырып, 70 адамды қабылдады. Оның 27 (38%) оң шешімін тапты. «AMANAT» партиясының депутаттары есептік кезеңде жергілікті атқарушы органдарға 45 депутаттық сауал жолдады. Оның 26 оң шешімін тапса, 11 сауалға заң аясында түсіндірме берілген. Қалған 8-і орындалу үстінде.    

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен қалалық мәслихат депутаттары Батыс Қазақстан, облысына 20 тонна 15 млн. теңгенің қаражатын құрайтын (ұн, макарон, күнбағыс майы, қант, күріш, қарақұмық, тұз, көрпе жинақтары, ерлер костюмдері мен күнделікті өмірге қажетті заттар) гуманитарлық көмек жолдады. Фракция мүшелері тарапынан Атырау облысында су тасқыны орын алған елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 30 дана ауыр техника (камаз, самосвал HOWO, погрузчик, водовоз, экскаватор) жіберілді. «Bal Tekstil» ЖШС-нің директоры, фракция мүшесі Исхахов Талғат 100 дана кілемді Ақтөбе облысындаға су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жолдады.

Сонымен қатар, өткен жылы белсенді Фракция мүшелерінің көмегімен көлемі 4979 ш/м құрайтын партия филиалы ғимаратының жылу жүйесі толығымен жаңартылды. Шатыры мен 5 жұмыс кабинеттері күрделі жөндеуден өтіп,  21 млн. теңгеден астам қаржы демеушілік көрсетілді. Бұған қоса, Фракция мүшесі Лазиз Сулайманов партия филиалына су жаңа Chevrolet Monza автокөлігін сыйға тартты.

Мемлекет басшысының наурыз айындағы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзіне қолдау мен пікір білдіру мақсатында фракция мүшелері әлеуметтік желілерде 100-ге жуық посттар жазып жариялады. Сондай-ақ, Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаламызда фракция мүшелерінің қатысуымен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелерімен бірге 700-ден астам көшет отырғызылды. Фракция мүшелері партияның халыққа берген уәдесін орындау үшін белсенді түрде жұмыс атқарып жатыр.

Әр азаматтың талап-тілегін назарда ұстап, оң шешімінің табуына ықпал етіп келеміз. Барша фракция мүшелерінің жеке жұмыс жоспарына сәйкес, жүйелі жұмыстарды ұйымдастырып, партия филиалы тарапынан қадағаланып отырғанын жеткіземін. Алдағы уақытта да жақсы нәтижелер көрсетеміз деген сенімдемін.

Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі  

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР