Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЖаңалықтар“ТАЗА БЕЙСЕНБІ” АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

“ТАЗА БЕЙСЕНБІ” АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында басталған жұмыстар қарқынды жалғасуда. Бүгін Қаратау ауданына қарасты Тұран-2 шағынауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзе асып жатқан «Таза бейсенбі» акциясына жүзден астам адам қатысты.

Экологиялық акцияның басты мақсаты – жұртшылықты қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға шақырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Тазалық жұмыстарына зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қалалық филиал қызметкерлерімен қатар «Жастар рухы» Жастар қанатының өкілдері қатысты. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және ауыл тұрғындары да белсенділік танытты.

Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы қала, ауыл-аймақтарды көркейту бойынша тапсырма берген болатын. Еліміздің бас партиясы осы бастаманы қолдап, «Таза бейсенбі» акциясы арқылы үздіксіз жалғастаруды қолға алды. Бұл құптарлық іс. Себебі тазалық жұмыстары науқандық болып қалмай, ісіміз әдетке, әдетіміз мінезімізге айналуы тиіс. Барша қазақстандықтарды қоршаған ортаны таа ұстауға шақырамын, – деді танымал айтыскер-ақын Біржан Байтуов.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы экологиялық кеңесің төрағасы Жеңісбай Тұрғанов тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, еліміздің экологиялық ахуалына тоқталды.

Әлем ғалымдары ондаған жылдардан бері экологиялық апаттың жақындауы туралы дабыл қағуда. Әр түрлі салаларда жүргізілген зерттеулер адам әрекетінің салдарынан климат пен сыртқы ортаның жаһандық өзгерістеріне тап болдық деген қорытындыға келді. Өзге мемлекеттер секілді Қазақстан қоршаған ортаға қатысты ауқымды әрі маңызды мәселелерге тап болды.
Қалыптасқан жағдайды ретке келтіруде жалғыз мемлекеттің күші жеткіліксіз. Еліміздің барлық тұрғындарының қосылуы қажет. Сондықтан еліміздің экологиясын қорғау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірлескен жалпыұлттық жұмысты қос қолдап қолдаймын, – деді Ж.Тұрғанов.

Айта кетейік, тазалық жұмыстары әр апта сайын жалғасады. Белсенді партияластар тек айналаны қоқыстан тазартып қана қоймай, тұрғындарға экологиялық акцияның мән-мақсатын түсіндіретін болады.

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР