Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатРЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «BIR TOLQYNDA» ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «BIR TOLQYNDA» ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 16 маусымында Ұлт ұясы – Ұлытау төрінде Ұлттық құрылтайдың қазан айының 25-ші күнін Тәуелсіздігімізге жол ашқан  Республика күні деп ұсыныс тастаған болатын. Барлық зиялы қауым өкілдері мен қазақстандықтар қолдап, міне биыл екінші рет тойланғалы отыр. 

Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн деп есептеймін. Осыдан 33 жыл бұрын  1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Сол күннен бастап еліміз өз алдына дербес, тәуелсіз ел ретінде дамуға жол бастады.

Республика күнін мерекелеудің басты мақсаты – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам ретінде көпке таныту, азаматтарымыздың өзара түсіністігін, тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ету, Егемендігіміздің қайнар көзі, ұлт болудағы алғышарттың бірі ретінде насихаттау.

Тәуелсіздік деген ұғым – ең құнды әрі бағалы ұғым деп түсінуіміз тиіс. Тәуелсіздікке жету үшін ата-бабаларымыз үш ғысырға жуық уақыт күресіп келді. Оған тарих – куә!  Міне сол ата-бабамыз армандаған елдікке қол жеткіздік. Бұл  жолда қаншама хандарымыз, батырларымыз, елім деген ерлеріміз бен Алаш қайраткерлері құрбан болғанын білеміз. Қазақ халқы басынан қандай күй кешкенін көз алдымызға елестетін болсақ, Тәуелсіздік – қастерлі де қымбатты екенін түсінеміз. Қазір барлығымыз бақытты елдің ұрпақтарымыз деп санаймын. «Қолда бар да – алтынның қадірі болмайды» деп жатады. Біз Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтап, қадіріне жетіп, қорғауымыз тиіс.

Бұл Тәуелсіздік ұғымы қасиетті әрі басты байлық екені біздің Аманат партиямыздың да саяси тұғырнамасында, сайлауалды бағдарламасында да нақтылап көрсетілген. Әр партияластың да басты ұстанымы екені белгілі.

Сондай-ақ, қазір геосаяси жағдай әлемде күннен-күнге өзгермелі болып жатқанын білесіздер. Көптеген елдер тәуелсіздіктерінен айырылып жатыр. Қаншама жазықсыз халықтар қырылып жатқанында көріп отырмыз. Ал, біз мұндай сәтте бірлік пен ынтымақта өмір сүруіміз керек. Тәуелсіздікке жету қандай қиын болса, оны мәңгілік баянды ету одан да қиын екенін әрбіріміз түсінетін уақыт келді. Сондықтан ынтымағымыз жарасып, Әділетті, Жаңа әрі Мәңгілік елге айналуға үлесімізді қосуымыз қажет. 

Осыған орай, Республика күні қарсаңында «Bir Tolqynda» жастар бас қосты. Отырысқа, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының фракция мүшесі, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Сулайманов Лазиз Низамханұлы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Байқонысов Ербол Рәбілұлы, партия белсенділері, жастар рухының мүшелері, жасыл ел еңбек жасақтары қатысты.

Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. Кездесуде Республика күні мерекесінің мән-маңызы, еліміздің тәуелсіздік жылдардағы негізгі жетістіктері, қоғамда тұрақтылықты сақтауға бағытталған мәселелер айтылды.

Жиын соңында Республика күні мерекесімен құттықтап, елдік пен бірліктің жолында күш біріктіріп, елге қызмет ете беруге шақырды.

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР