«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түзілген Жол картасының іске асырылуы мен фракция мен оның мүшелерінің бүгінгі күнге дейін атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндайтын боламын.
Фракция жетекшісі ретінде фракция туралы қысқаша ақпарат беріп өтейін. Құрамына келетін болсам, фракция мүшелерінің 13 – ер (65%), 7–әйел (35%). Олардың ішінде 5 – депутатымыз жастар (20%) және мүмкіндігі шектеулі азаматша ретінде депутатқа – 1 (5%) орын тиесілі. Орташа жас – 44,5 жасты құрап отыр. Ал, салалар бойынша айтатын болсам: спорт саласы – 2 депутат (10%), білім саласы – 3 депутат (15%), кәсіпкерлік саласы – 13 депутат (65%), квазимемлекеттік сектор және үкіметтік емес ұйымдар саласы – 1 депутат (13%) және БАҚ саласы – 1 депутат (9%) қызмет атқаруда. Фракцияның құрамы түрлі сала өкілдерінен құралғандықтан өңірімізде сапалы әрі нақты жұмыс жасауға мүмкіндік болып отыр.
Біздің қалалық сайлауалды бағдарламамыз тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелері басшылыққа алынып, 10 мыңға жуық өтініштерді зерделей келе дайындалды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат Сайлауы науқанында тұрғындар тарапынан «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2581 ұсыныстар мен талап-тілектер келіп түсті. Оның ішінде Шымкент қалалық мәслихат фракциясына 320 ұсыныстар мен талап-тілектер жолданды. Бүгінгі таңда фракция мүшелерінің атсалысуымен 193 ұсыныс-тілектер өз шешімін тауып отыр. Жылдың соңында дейін толық орындалады деп күтілуде.
Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныстары мен тілектері күнделікті келіп түсіп жатады. Әр фракция мүшелері қаладағы 16 округке жауапты етіп бектіліп, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін жергілікті әкімдікке жеткізу үшін депутаттық сауалдарды жүйелі жолдап отырғанын айтып өтейін. Бүгінгі күнге дейін 100-ге жуық депутаттық сауалдар жолданды.
Сонымен қатар, сайлау науқанынан кейін қазіргі күнге дейін фракция мүшелерінің қоғамдық қабылдаулары жүйелі түрде өткізіліп келеді. бүгінгі күнге дейін кестеге сәйкес 80 қабылдау өткізііп, 452 азаматты қабылдады. Олардың 51% оң шешіліп, қалғандарына заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қалалық сайлауалды бағдарламаның Жол картасы 4 басымдық, 100 тармақ пен 452 индикаторды қамтып отыр. 5 жылда бюджеттен 1,2 триллион теңге қаражат бөлінетін болады. Жол картасының 2023-2024 жылдардағы іс-шараларына қаржыландыру мәселесі шешілген. 2023 жылға – 159,8 млрд теңге, 2024 жылға – 186,1 млрд теңге қарастырылып отыр. Осы бағытта ендігі жылғы іс-шараларға бөлінетін қаржылар қайта нақтыланып жатыр. Жол картасының орындалуын әр тоқсанға бөліп зерделеп отырмыз. 11 айдың қорытындысымен жоспарланған 93 іс-шараның толығымен 51 іс-шарасыбітіп, 42 іс-шараның аяқталуы 90 пайызға жетіп отыр. Жалпы 95 пайызды құрап отыр.
Жол картасы аясында 6,1 млрд теңге инвестиция тартылып, тұрақты 102 жұмыс орнымен 6 өндіріс орны, 16 673 орындық 20 мектеп пен Оқушылар сарайы, 3896 орындық 3 спорт нысандары (Металлург, №20 спорт мектебінің кешені, Ипподром) пайдалануға берілді.
Айта кететін болсам, биылғы жылға жоспарланып, сметалық құжаттарына түзетулер енгізіліп, жұмыстарының баяу жүруіне байланысты 2024 жылдың бірінші тоқсанына дейін аяқталатын нысандар бар. Ақжар подстанциясы, Тассай елді мекенін газбен қамтамасыз ету. Бұл нысандарды фракция мүшелерімен партиялық бақылауда ұстап отырмыз.
Қосымша айта кетейін, 29 маусымда Астана қаласында «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумы өтті. Форумға Шымкент қаласынының депутаттары, фракция мүшелері қатысты. Форумға 3 мыңға жуық адам қатысса, олардың 2,5 мыңы немесе еліміздегі барлық мәслихат депутаттарының 77%-ы – жергілікті өкілді органдардың аманаттық депутаттары болды.
Форумда «AMANAT» партиясының Төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Жақанұлы Қошанов: «Әділет пен адалдық – ажырамас ұғымдар. Ал осы ұғымдардың салтанат құруы үшін қоғамдық сана мен әлеуметтік құндылықтар өзгеруі керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз. Бұл бізге де қатысты. Осы жолда «AMANAT» партиясы барлық игі істердің алғы шебінде жүруі тиіс. Халықтың сенімі бізге күш береді» деген болатын.
Сондай-ақ Партия Төрағасы «Баршамызды бір миссия – мемлекет пен халыққа адал, риясыз қызмет ету миссиясы біріктіреді. Бүгінгі жиынның символы ретінде Қазақстанның туы бейнеленген депутаттық төсбелгіні бекерге алып отырған жоқпыз. Мұның мағынасы кең. Өткен жылы, Партияның сьезінде Мемлекет басшысы: «Мәслихат депутатының төсбелгісі оны халық сайлағанын білдіреді және депутат тек халықтың мүддесі үшін қызмет етуі керек» деген еді. Сондықтан, бізге қойылатын талап та аса жоғары болатынын естен шығармайық. Сайлаушылар басқаларға кешіргенді, бізге кешірмейді» деп нақтылап айтып өтті.
Партия Төрағасы айтқандай, «Фракцияның өз ішінде біртұтас ұстаным қалыптастыру өте маңызды. Бірыңғай ұстаным пікірталастың жоқтығын білдірмейді. Талқылау мен пікірталас ауадай қажет. Бірақ, ол Фракция шеңберінде жүргізілуі керек! Кез келген шешім нұсқау арқылы емес, ортақ келісіммен қабылдануы қажет. Естеріңізде болсын, саяси күресте фракцияның ұстанымы әрқашан бір болуы тиіс. Партиялық жауапкершілік пен тәртіп дегеніміз – осы. Бұл – барлық демократиялық мемлекеттердегі партиялардың базалық принципі».
Сондықтан да, жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып, келіп түскен өтінімдер сала бойынша зерделеніп, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспарын дайындадық. Барлық талап-тілектердің орындалуын бақылауға алу үшін фракция мүшелері бекітіліп, тұрғындармен кездесудің кестесі жасақталды. Әр өтінім мен іс-шаралардың орындалғанын бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялап отырмыз.
Дегенмен, халықпен жүйелі түрде кездесуді ұйымдастырып, көшпелі отырыстардың санын арттыруға назар аударудамыз. Жұмысымыздың сапалы әрі дер кезінде орындалуы үшін ауыл билері мен жергілікті белсенді тұрғындармен тығыз байланыс орнаттық.
«Партиялық тізіммен және бірмандатты округтен сайланған депутаттардың құзыреті де, жауапкершілігі де бірдей. Бірмандатты депутаттар халықтың сенімімен, партияның қолдауымен келді. Сондықтан, партия сіздерді жалғыз қалдырмайды. Бұған дейін де қолдап келгенбіз, алда да қолдай береміз» деген Партия Төрағасы нақты тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, Жастар Отанға!, Жер аманаты, Құқықтық көмек, Ардагерлерді ардақтайық, Бақытты отбасы, Кедергісіз келешек, Ұлттық мұра, Қарызсыз қоғам, Кітап-Аманат партиялық жобалары аясында фракция мүшелері белсенді түрде қатысып келеді. Фракция мүшелері партиялық филиалмен бірлесе отырып онлайн және офлайн форматта 70 мыңға жуық азаматтарды қамтыған 800-ден астам іс-шараларға қатысып, ұйымдастырды.
Жол картасының орындалуын бақылау мен қоғамдағы резонансты жағдайларға үн қату мақсатында құрылған партия филиалы жанындағы 9 аймақтық кеңестің 4-еуінде фракция мүшелері төрағалық етеді.
Сонымен, қалалық Жол картасының орындалуын басты назарда ұстап отырмыз. Әр іс-шараның жүзеге асуына жауаптымыз. Фракция мүшелері белсенді жұмыс жатқанын білесіздер. Бұл жұмыстарды ары қарай жалғастыра беретін боламыз.
Әр тұрғынның өтінімі – партия назарында болатынын жеткіземін.
ИМАШЕВ Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі