Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатЖОЛДАУ - АЗАМАТТАРДЫҢ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУІНЕ АРНАЛДЫ!

ЖОЛДАУ – АЗАМАТТАРДЫҢ ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУІНЕ АРНАЛДЫ!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы жариялады. Жолдауда инфрақұрылым мәселесіне ерекше назар аударылды. Яғни, алдағы 5 жылда кемінде 14 гигаваттық жаңа электр қуаты іске қосылатын болады. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – жалпыұлттық референдум арқылы шешілетін болды. Елді газбен қамтамасыз ету де –газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездетуді тапсырды. Жол мәселесіне де ерекше назар аударды. Атап айтатын болсам, Шымкент қаласының өзінде бүгінгі күні сапалы электр энергиясымен халықтың 98 пайызы, көгілдір отынмен 94 пайызы қамтылып, асфальт жолдың көрсеткіші 67 пайызды, кәріз жүйесі 60 пайызды құрап отыр. Бұл мәселелер Аманат партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасының Жол картасы негізінде өз шешімін табады деп есептеймін. 

Сонымен қатар, халықаралық дәліздермен тиімді байланыс орнату үшін логистика қызметін толық ұсыну маңызды екенін ата өтті. Мұнда Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе әуежайлары мультимодальды орталық болуға тиіс делінді. Бұл мәселеге байланысты Шымкент қаласында Жаңа Авиатерминал қолданысқа берілетін болады. Өз кезегінде аталған мәселеге өз үлесін қосады деп санаймын.

Өзекті мәселеге айналған несиеге байланысты азаматтардың шектен тыс қарызға батуын сөз етті. Мұнда партиямыздың «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтті. Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырды.

Тағы бір қуантатын жағдай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау тетіктерін әзірледі. Жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленетін болды. Сондай-ақ, азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеріледі. Бұл өз кезегінде 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.

Сондықтан, Президенттің алға қойған мақсаттары мен міндеттері іске асуы үшін барлық азаматтар атсалысуы қажет. Жолдаудағы берілген тапсырмалар дер кезінде орындалуы тиіс. Сонда еліміздің экономикалық-әлеуметтік жағдайы артып, әр азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасалмақ.

ҚОЗБАХОВ Шыңғыс Лесбайұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, қалалық мәслихат жанындағы Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР