«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Береке» бастауыш партия ұйымында «Отбасы күніне» орай, “Бақытты отбасы”, “Кедергісіз келешек” жобалар аясында “Толағай” жарысы ұйымдастырылды.
№68 білім ордасында өткен спорттық шараның мақсаты – белсенді партия мүшелері арасында өзара байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Партия мүшелері жарысып қана қоймай, жеңіс үшін таза тартыс, өзара ынтымақ, салауатты өмір салты арқылы өзгелерге үлгі көрсетті.
“Береке” БПҰ төрайымы Сәбитова Әлия Әлиханқызы және мектеп директоры Гүлнұр Әскербекқызының ұйымдастыруымен өтті. Жарыста Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы төрағалық етіп, қатысушыларға партия атынан Алғыс хаттар табыстап, демеушілік жасады. Жеңімпаз да, орын алмаған команда да арнайы спорттық марапатқа ие болып, сый-сияпаттар берілді.
KazPikiR тілшісі