Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «TALQYLAU» диалогтік алаңшасының кезекті отырысы өтіп, күн қарарында «Балаларға қатысты кез-келген зорлық-зомбылыққа берілетін жазаны күшейту» мәселесіне арналды. Жиынды партия филиалы жанындағы «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрайымы Созақбаева Эльмира Райымбекқызы ашып жүргізді.
Отырыста алғашқы сөзді «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты Бектаева Жанар Әлібекқызы сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауда кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын жеткізді.
Талқылау диалогтық алаңшасының отырысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесі Жандосова Баян Айтбекқызы, Шымкент Қалалының Полиция Департаметінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Бекенов Шарен Холмухамбетұлы, Шымкент қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Абдрайымова Майра Әкімқұлқызы, Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Әбілхайыров Серғазы Кәрімұлы, және кеңес мүшелері, партия қызметкерлері, Бастауыш партия мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын соңында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты Бектаева Жанар Әлібекқызы «Балаларға қатысты кез-келген зорлық-зомбылыққа берілетін жазаны күшейту» мәселесіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстары туралы спикерлердің айтылған баяндамаларын назарға алып, жұмыла жұмыс жасайтынын атап өтті.
KazPikiR тілшісі