Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетМәдениетЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында Азаматтық қоғам және мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы насихатталып, жүктелген негізгі міндеттер талқыланды.

Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы Жолдауда ел дамуының бағыт-бағдары бағамдалып, жаңа міндеттер жүктелді. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп аталатын Президент Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында негізінен әлеуметтік-экономикалық бағытқа басымдық берілді. Жолдауда соңғы жаһандық геосаяси ахуал ескеріліп, саяси және тұрмыстық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне, өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне ерекше назар аударды. Мектеп окушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуы тиіс. Балаларға қатысты қайғылы оқығалар өте көп. Ата-аналардың жауапкершілігін күшейту қажет, – деді кеңес төрағасы, жазушы М.Әбдіәкімұлы.


«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Е.Байқонысов дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының басталғанын хабарлай отырып, биыл әдеби конкурс Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орайластырылғанын атап өтті.

Мәжілісті қорытындылаған «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау жұмыстарына белсенді атсалысуға шақыра отырып, кеңес жұмысын жетілдіру бойынша партия қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар берді. Тұрмыстық мәдениетті қалыптастыру, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту мәселесі кеңестің келесі отырысында қаралып, отырысқа мемлекеттік мекеме басшылары және ҮЕҰ өкілдері шақырылатын болды.

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР