Қазақстан Республикасының Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың телеарнаға берген сұхбатын тыңдадым. Сұхбаттағы өте салмақты ойлар мен құнды пікірлерін қолдаймын. Қазақстанның болашағы үшін саяси реформалардың маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысының бастамасымен Жаңа Қазақстанды құрудағы алғашқы қадамдары басталғанына куәміз. Сұхбатта кадрлық саясат мәселесіне тоқталды. Өзімнің түйгенім жоғарғы билікте меритократиялық қағидасы қатаң сақталады деп санаймын. Сол арқылы нағыз кәсіби қызметкерлер билікке келіп, нақты реформалар мен дамулар орын алады. Мемлекетшіл азаматтар мен ары таза, еліміздің келешегі үшін аянбай еңбек ететін көшбасшыларды саяси сахнаға әкелуге нақты мүмкіндік екені белгілі. Сонымен қатар, Тәуелсіз еліміздің болашағы жолында көптеген реформалар жасалуы тиіс екенін көріп отырмыз. Әлемнің дамыған елдерінің тиімді тұстарын елімізге енгізуде кәсіби мамандардың орны мен рөлі өте жоғары екенін жеткізгім келеді. Сондықтан, білікті басшылар мен ұйымдастырушылығы жоғары азаматтар биліктен табылғаны заңдылық деп есептеймін. Президенттің сұхбатындағы елдігімізді мәңгілік етудегі негізгі жолымыз – еліміз үшін адал да таза әрі әділ азаматтардың қолында деп түсінуіміз тиіс.
Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы.