Бүгінгі күнде әлем технологиялық дамуға қадам басып бара жатқанын білеміз. Барлық елдер білім мен ғылымды дамытуға аса назар аударып келеді. Біздің Тәуелсіз еліміз ғаламдық жүйеге енуде бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Рухани жаңғыру бағдарламасында бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін делінеді.
Сондықтан елдің ертеңі үшін ұлтымыздың бағыты баілім мен жаңаңша инновацияларға бұрылуы қажет. Себебі, болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен ерекшеленіті сөзсіз. Әрбір азамат қазіргі таңда ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек деп санаймыз. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық, технологиялық дамулар, робототехниканы игеру сияқты факторлар заман талабы болып тұрғаны белгілі.
Сондықтан мемлекетіміз «Цифрлы Қазақстан» мен «Үш тілде білім беру» бағдарламаларын жүйелі жалғастырып келеді. Өйткені – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлау – осы бағдарламалардың негізінен туындайды деп есептейміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру дегеніміз бір ғана саланы немесе бір бағытты дамыту емес екеніне тоқталып, оның ең алдымен, экономиканың, өнеркәсіптің және қоғамның дамуына түбегейлі өзгерістер әкелуі қажеттігін баса айтты. Сондықтан барлық мемлекеттік органдар мен ведомствоға қарасты мекемелерге ортақ мониторинг жүйесін құрудың маңыздылығын ескерткен болатын.
Барша азаматтар бәсекеге қабілетті болғанда ғана – еліміз дамыған елдер қатарына енуіне мүмкіндіктер болатыны анық. Сондай –ақ әлемше кірігудің бірден бір жолы тіл мәселесі де ерекше маңызға ие болып табылады. Мемлекет басшысы білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударған еді. «Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек».
Яғни, үштілділік бағдарламасын барынша дамытатын болсақ. Нағыз бәсекеге қабілетті ұлт боламыз! Зияткер ұлт – елдің болашағы!
М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Физика» кафедрасының аға оқытушылары Пазылова Дана Темірбекқызы, Байман Гүлзағира Болысбекқызы