Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметОтбасыТӘРТІП – БӘРІНЕ ОРТАҚ!

ТӘРТІП – БӘРІНЕ ОРТАҚ!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақстандықтарға арнаған бүгінгі Жолдауында ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП бағдарында отбасы мәселесіне ерекше тоқталды. Құқықтық мемлекеттің тиімділігі – заң алдында барлық азаматтардың теңдігіні мен жауапкершілігі бірдей қаралады. заңның аясында ғана қызмет ететін болсақ – ерікті өмір сүре аламыз!

Мемлекет басшысы Жолдауда: «Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет», – деп нақтылап атап өтті.

Сондықтан мемлекеттің мықты болуы – әр отбасының берекелі әрі берік болуымен ерекшеленеді. Әр жанұя қоғамның негізгі тірегі болып табылады. Осы бағытта AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының жанындағы Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің өңіріміздегі алатын орны мен рөлі ерекше екенін айтқан жөн.

Қазіргі таңда партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша тиісті басқармалармен бірлесе отырып ауқымды кешенді жоспар бекітілді. Өмірлік қиын жағдайдағы жанұялармен жұмыс жасауда полиция департаментінің инспекторлары «Жедел әрекет ету топтарын» құрып, партия филиалымен бірлесе қызмет атқаратын арнайы чаттар ашылды. Осы жұмыстарды қарқынды жүргізетін болсақ, еліміздің ертеңіне деген тұрақтылығы мен дамуына сенімі күшейеді деген сөз!

Баршамыз бірлесе отырып, жұмыс атқарайық!

Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары, қалалық партия филиалы жанындағы Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрайымы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР