Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылдың 20-шы қарашасында кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні туралы қаулыға қол қойды. Бұл өз кезегінде қоғамдағы азаматтар арасындағы бірлік пен ынтымақты одан әрі күшейтеді деген сенімдемін.
Тәуелсіз еліміздің демократиялық дамуына одан әрі жағдай жасалады. Жаңа Қазақстанның негізі қаланып, әлемдік дамыған елдердің қатарына енуге мүмкіндіктер ашылады. Саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар іс жүзінде жүзеге асады деп есептеймін. Қазіргі кезеңнің сұранысына орай, барлық салаларда өзгерістер орын алуда. Осы бағытта барынша күш салуымыз тиіс.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде: «Біз басты мемлекеттік институттар – Президент, Парламент, Үкімет және мәслихаттардың бәрін біртіндеп қайта құрамыз», – деп нақтылады.
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының біртіндеп іске асуына мүмкіндік ашады. Сондықтан саяси науқанда бәсекелестік күшейіп, халық билігіне қызмет ететін жүйе одан әрі жандана түседі деген пікірдемін.
Осыған орай, Жолдауда айтылғандай, Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеліп, қайта сайлануына тыйым салынатын болады. 7 жыл – кез-келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең. Екінші жағынан, Президент мандатын бір мерзіммен шектеу Мемлекет басшысының жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша жұмылуын қамтамасыз етеді деген сөз. Сондықтан «Әділетті Қазақстанның» негізін қалауға барынша атсалысып, өз үлесімізді қосуымыз тиіс.
Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары.