Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметИнфрақұрылымТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15-қаңтардағы I-сессиясының шешімімен құрылған Шымкент қаласы мәслихатының құрылыс және аумақты дамыту  жөніндегі тұрақты комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңын, қала мәслихатының регламентіне және комиссияның жұмыс жоспарын негізге ала отырып, өз құзіретінің шегінде құрылыс, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, қалалық орта сапасы және бақылау,  энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармаларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарып келеді.

Есеп беру кезеңінде құрылыс және аумақты дамыту жөніндегі комиссиясы 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, қала әкімдігі қала мәслихатының сессияларына ұсынылған маңызды мәселелері бойынша тұрақты комиссия тұжырымдама жасады.  Тұрақты комиссия 11 мәжіліс өткізді, оның ішінде 2 жеке, 9 бірлескен комиссиялар отырысы.

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының «Шымкент қаласы инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы есебі екінші тоқсанда тыңдалып, басқарма басшысына төмендегі ұсыныстар айтылды:

– Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында қарастырылған 2022 жылға арналған іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету;

– қаланы дамыту бағытында жұмыстар атқару барысында шеткі аймақтарды инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге ерекше назар аудару;

– Шымкент қаласының ауыз сумен  қамтылмаған елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді аяқтау;

– 8 елді мекенді (Батыс, Нұртас, Сәуле, Тұран, Қайнар бұлақ, Солтүстік саяжай, Жаңаталап, Нұрсәт) сапалы электр жарығымен қамту бойынша тиісті жұмыстар жүргізу;

– инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы барысында бұзылған жолдарды қалпына келтірмеген мердігер мекемелердің қызметін бақылауға алып ретке келтіру;

– елді мекендерді толығымен табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізу.

Сонымен қатар, үшінші тоқсанда энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының «Жылу маусымына дайындық шаралары туралы» есебі тыңдалып, төмендігі ұсыныстар берілді:

– Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында қарастырылған 2022 жылға арналған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

– қала аумағында орналасқан 484 бюджеттік нысанның (білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жұмыспен қамыту және әлеуметтік қорғау басқармаларына қарасты мекеелер) жылу маусымына дайындық жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін толық ақтауын қамтамасыз ету;

– қаланың жылу жүйесіндегі қолданылып отырған 15 жылу қазандықтары мен 17 сорғы стансалардың қысқа маусымға дайындығын 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін қамтамасыз ету;

– 2022 жылға жоспарланған 18,0 км жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарының толығымен 2022 жылғы 1 қазанға дейін аяқталуын  қамтамасыз ету;

– қала тұрғындарының жылу маусымына көмірге қажеттілігін толық қамтамасыз ету;

– жылыту маусымы кезеңінде жылыту жүйелеріндегі авариялық жағдайлардың алдын алуға бағытталған дайындық шараларын қабылдау.

Сондай-ақ, тұрақты комиссия төрағасы мен мүшелері қала мәслихатының шешімімен бекітілген кеңестер мен дербес құрамдар және қала әкімдігінің сұраныс хатымен комиссиялардың құрамында болып, қызмет атқарып келеді.

Атап айтқанда:

– Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия;

– Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес;

– Шымкент қаласы әкімдігінің жанында «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесі;

– Шымкент қаласының Экспорт жөніндегі өңірлік кеңесі.

2022 жылдың 8 айында комиссия құрамындағы депутаттар тарапынан жергілікті атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарға 25 депутаттық сауал жолданылды. Оның ішінде 17 депутаттық сауал оң шешімін тапса, 3 депутаттық сауал бойынша жұмыстар жүргізілуде және 5 депутаттық сауалға заңнамаға сәйкес түсіндірме берілді.

Тұрақты комиссия мүшелері қала бюджетін қалыптастыру, нақтылау, орындау мәселелерін қарауға белсене қатысады, комиссия мүшелерімен депутаттық сауалдардың нәтижесінде бюджеттік нақтылау кезінде 191 278 мың.тг. түрлі өзекті мәселелерге бағытталды.

Комиссия депутаттары азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қала тұрғындарын толғандырып жүрген әр түрлі өзекті мәселелермен тұрақты түрде қабылдаулар өткізіп тұрады.

2022 жылдың 8 ай қорытындысымен тұрақты комиссия депутаттары 34 жеке қабылдау өткізіп, 139 азаматтың өтініштері тыңдалып, 86 азаматтың өтініштері шешіліп, 53 азаматтардың өтініштері заң аясында түсіндірме берілді. Жеке қабылдауға келеген сайлаушылардың тарапынан түскен өтініштердің сипаты негізінен жер, тұрғын үй, тұрмыстық, инфрақұрылым және жол мәселелері.

Сондай-ақ, тұрақыты комиссия төрағасы мен мүшелері жергілікті жерлерде халықпен 119 ауқымды кездесулер өткізді.

Тұрақты комиссия мүшелері қала аумағында болып жатқан мерекелік және қайырымдылық шараларына тұрақты түрде қатысуда.

Комиссия мүшелері өздерінің  инстаграм және фейсбук парақшаларында белсенді, атқарып жатқан жұмыстарын тұрақты жариялап тұрады.

Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, мәслихат жанындағы құрылыс және аумақты дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР