Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметИнфрақұрылымСУ ҚОЙМАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

СУ ҚОЙМАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясының бақылау комиссиясы Шымкент қаласына қарасты су басу деңгейі жоғары жерлерде үнемі визуалды зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Жақсықұлов, комиссия мүшелері Л.Қозбахов, Е.Серкебаев, Р.Ерменбеков, партиялық бақылау комиссиясының инспекторы А.Әбілдаева, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департамент басшысының орынбасары Е.Отарғалымұлымен бірге «Ақжар» су тоғаны және «Теке-су» су қоймасына арнайы барып, бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізді.

Бақылау жұмыстары барысында барысында су қашыртқы каналдар мен арықтарды қоқыстардан тазалап, су өткізу қабілетін жоғарылатуды және су қоймаларында қауіпсіз режимді сақтауды басты негізге алу қажеттігі ескертілді.

Мониторингтік топ мүшелері «Теке-су» су қоймасында жарықтандыру мәселесін, ал «Ақжар» су тоғанының маңында тазалық жұмыстарын назарға алуды ұсынды. Ал жауапты мамандардың айтуынша, су қоймаларының толу деңгейі төмен, және су тасқыны маусымына толықтай дайын, әрі алдын-ала бақылау күшейтілген.

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР