Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЖаңалықтарАУДАН ӘКІМДЕРІ ЕСЕП БЕРДІ

АУДАН ӘКІМДЕРІ ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мәжілісі өтті. Отырысты комиссия төрағасы Ғани Ташқараев жүргізіп, комиссия мүшелері, партия қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 ж.ж. «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасын орындау үшін әзірленген Жол картасындағы Абай және Әл-Фараби аудандары әкімдерінің 2024 жылғы жұмыс жоспарлары туралы есептері тыңдалды. Сондай-ақ, екі ауданның жүйелі мәселелері мен тұрғындардан түскен өтініштер қаралды.

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев партияның сайлауалды бағдарламасындағы ауданда белгіленген іс-шаралар өз ретімен орындалып жатқанын жеткізді. Көшелерді жарықтандыру, бейнекамералар орнату, жолдарды асфальттау аулаларды абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Сондай-ақ, Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов 20 балалар ойын алаңшасы, 2 ашық спорт алаңшасы, 2 гүлзар салу жоспарланып жатқанқанын айтты. 9 нысанға ирригациялық арық, қоқыс алаңшасы мен қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстарына тоқталды.

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР