Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жөнелтуде. Жүк көлігінде көрпе-төсек, жылы киім, резеңке етік, рация мен құтқару жұмыстарына қажетті заттар, сонымен қатар азық-түлік, оның ішінде макарон өнімдері, май, шәй, дәнді-дақыл түрлері бар.
Қаражат жинауды үшінші шаһардың депутаттары бір ауыздан мақұлдап, көрші облыстағы отандастарымызға қол ұшын созуға ниет білдірді. Сондай-ақ, шымкенттік Жастар рухының белсенділері су тасқыны орын алған аймақтарға барып, көмек көрсететін болады.
“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында.
Су тасқынынан зардап шеккен ағайындарға гуманитарлық көмек қолын созуды азаматтық парызымыз деп білемін. Қайырымды іске кәсіпкерлер, халық қалаулылары қолдау көрсетіп жатыр, – деді өзі сөзінде Б.Нарымбетов.
KazPikiR тілшісі