Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметБІРЛІГІ КҮШТІ ЕЛ ОЗАДЫ!

БІРЛІГІ КҮШТІ ЕЛ ОЗАДЫ!

Табиғи апат айтып келмейтіні белгілі. Көктемнің мезгілінде бірқатар аймақтарда су тасқыны орын алып, тұрғындар үйсіз қалғандарын білеміз. Қазақ халқымыз «Күш бірлікте» деп бекер айтпаған. Халқымыздың басына қиындық туған сәтте жұдырықтай жұмылып, барша қазақ елі көмектерін аямады. Шымкент қаласынан аманаттық фракция мүшелері мәселе бей-жәй қарамай, батыстық ағайын жұртқа 20 тонналық азық-түлік пен қажетті заттарды апардық.

Бұл баршамыздың басымызға түскен жүк деп санаймын. Қуантып отырғаны қиын-қыстау кезінде Ел Президенті халықтың жанынан табылды. Барлық үйі мен малынан, дүние мүлкінен айырылған азаматтармен жолығып, шығындарды өтеу үшін мемлекет барлық қажетті шараны қабылдайтынын айтты. Мемлекет басшысының «бәріміз бір ел, бір халық болып әрекет етуіміз керек. Мемлекет, Үкімет баршаңызға қол ұшын береді. Материалдық, қаржылық көмек көрсетеді.

Оған еш алаңдамаңыздар. Бәрі дұрыс болады», – деген сөзі қиыншылықта жүрген тұрғындардың ойына сенім ұялатты. Сондықтан қиындықты еңсеріп, жаңа күндерді бастауымыз тиіс деп есептеймін. Зардап шеккен халыққа барынша қолдау көрсетіледі. Баспана, мал шаруашылығы т.б. мәселелері түгелдей Мемлекет басшысының бақылауымен толық шешімін табады. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Тек бірлесе отырып түсінісушілікпен жұмыс жасауымыз тиіс. Баршаңызды бірлік пен ынтымақта жұмыс жасауға шақырамын!

Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР