Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетПікірЖАСТАР ЖОЛДАУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕСТІ

ЖАСТАР ЖОЛДАУ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕСТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы ғимаратында «Жастар Рухы» жастар қанатының «Рухтастар Cases» диалог алаңының отырысы өтті. Аталмыш алаңда Жаңа Қазақстанның жастарына арналған басымдықтар талқыланды.

Кездесуге Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Е.Жүнісбек және қаланың белсенді жастары қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған жастарға жағдай жасау, олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы, төмен пайызбен несие  алуы сияқты міндет-ұсыныстар айтылып, үкіметке нақты тапсырмалар жүктелді.

-Жолдауда халықтың түрлі әлеуметтік топтарының мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар бастамалар  көптің көңілінен шықты. Бұл ретте Қазақстанда қағидатты түрде жаңа бағдарлама – балаларға арналған Ұлттық қор құруды жеке атап өткен жөн. Осы бастамаға сәйкес, балалардың әлеуметтік жинақтаушы шоттарына жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы аударылатын болады.

Бұл шоттағы сома бала 18 жасқа толғанға дейін алынбайды. Осыдан кейін жинақталған қаражат тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға төлем ретінде жұмсалады деп жоспарлануда, – деді Б.Нарымбетов.

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР