Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЖаңалықтарЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ САРАЛАНДЫ

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ САРАЛАНДЫ

Бүгін зағип жандарға арналған «Үміт» мектеп-интернатының ұжымымен кездесу өтті. Мектеп-интернаттың қызметкерлеріне Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы жайлы кеңінен түсіндірілді. Кездесуге AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, Еңбекші аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Г.Жартыбекова және Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі ретінде әріптестеріммен бірге қатысып, Жолдауды түсіндіріп өттік.   

Президент Қ.Тоқаев заманауи даму жолдарын ескере отырып, қазақ тілінің мәртебесіне, халықтың денсаулығын нығайтуға, білім саласы мен жастарға, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту қажеттігіне сондай-ақ ұлттық қордың табысын қарапайым бұқараның есебіне аударуға баса назар аударғаны халықтың әл-ауқатын жақсартуға көзделген негізгі шаралар болып табылады.

Жолдаудың нақты іс-әрекеттерге орайластырылған біртұтас ұлт болу қадамымызды айқындай түсетін қуатқа ие құжат екенін баршамыз түсінуіміз қажет. Өткен аптада Астана қаласында өткен партияның кезектен тыс XXIV Съезінде қазақстандықтар ауызбіршіліктің керемет үлгісін көрсетті.

Өз сөзімнің аяғында барлық Шымкент қаласының тұрғындарын ауызбіршілікке шақырып, өте маңызды дүние екенін айттым. Себебі басқа көршілес елдерде не болмай жатыр, бірге болсақ бізді ешкім жеңе алмайды.

Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, партияның Еңбекші аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР