Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетҚұқықПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссияның отырысы өтті. Отырысқа  «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанара Әлібекқызы Бектаева, комиссия төрайымы Дария Пернешқызы Қожамжарова қатысты. Жиынға Шымкент қаласының мәслихат депутаты,  «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Қаратау аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрғасы ретінде қатыстым.

Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы және Астана қаласында өткен көшбасшы партияның XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысы талқыланды.

Елордада өткен партияның кезектен тыс XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысы бойынша жетекші партияның төрағасы Е.Қошанов халықтық коалиция Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын ұсынатынын жария етті.

Біз Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын қолдаймыз және оның реформаларын әрі қарай ілгерілетуіміз керек. Халықтық коалиция бірігіп әрекет етеді. Ынтымақтастық әрқашан өзекті. Бәрінен де бірлігіміз қымбат. Сондықтан да еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын әрбір азамат алдағы кезектен тыс Президент сайлауында дұрыс таңдау жасап, белсенділік танытады деп сенімдеміз.

Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, партияның Қаратау аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР