Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының фракциясы мүшесі ретінде елді мекендердегі өзекті мәселелерді шешуге үнемі атсалысып келемін.
Сайлауалды кездесулер барысында «Арофат» мектебінің ұжымы Ибрагим ата көшесінде жаяу жүргіншілер жолын орнату туралы өтініш білдірген болатын.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдап, тиісті мекемелермен қажетті жұмыстар жүргіздім. Бүгінгі таңда жаяу жүргіншілер жолы орнатылды.
Ел ертеңі – білімді жастар қолында! Оқушылардың оқуда озат болып, ата-аналары мен ұстаздарының үмітін ақтағанын қалаймыз. Қауіпсіз орта қалыптастырып, келеңсіз жағдай болдырмау үшін бар күшімізді саламыз.
Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сулайманов Лазиз Низамханұлы