Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетҚұқықМӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлының кезекті кездесуі Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығында өтті.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Б.Тулегенов, Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев, Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Б.Ержаппар, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасынан Ж.Олжатай, Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Есенбек, полиция департаментінің басшылық құрамы мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Миллионнан астам халқы бар үшінші мегаполис тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі басты назарды талап етеді. Шымкент қаласында қылмыс деңгейі мен төтенше жағдайлар қауіпін төмендету бойынша ауқымды шаралар атқарылуда. Осы орайда, «Қауіпсіз қала» бағдарламасы бірнеше жылдан бері қолға алынған. Бұл бағдарлама ең алдымен қаланың орталық көшелерінде жүзеге асырылып, кейіннен елді мекендер мен ішкі орамдық жолдарда жалғасын тапты. Қоғамдық тәртіп пен көлік қозғалысын реттеуде бейнебақылау камераларының көмегі айтарлықтай нәтиже көрсетіп келеді.

Бүгінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығына жалпы 11 мың 211 бейнебақылау камерасы біріктірілген. Қаланың көше қиылыстары мен тұрғын үйлердің аулаларына орнатылған бейнебақылау камералары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін автоматты түрде тіркеуге көмектеседі.

«Қауіпсіз мектеп» бағдарламасы аясында 186 мемлекеттік және жекеменшік мектептерде 3 мың 318 бейнебақылау камерасы орнатылса, «Қауіпсіз аула» қағидасы бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ның 2 мың 430 бейнебақылау камерасы ҚПД ЖБО-на біріктірілді. Сонымен қатар, жерасты өткелерінде, денсаулық сақтау нысандарында, сауда орталықтарында, базарларда және дүкендерде 262 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. 2023 жылдың 7 айында бейнебақылау камераның көмегімен 293 қылмыс ашылып, 33 мың 602 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Дегенмнен Мәжіліс депутаты Полиция департаменті Жедел басқару орталығының жұмысына біршама сын-пікірлер айтып, проблемаларды жүйелі шешу бойынша ұсыныстар жолдады. Атап айтқанда, мопедтер мен электр скутерлерінің жол қозғалысына тигізіп жатқан зардаптарын алға тартып, ҚПД ЖБО тарапынан осы бағытта шараларды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, қаладағы коммуналдық мекеме жұмысшыларының жүк тасымалдайтын көліктермен қатынауына қатаң тиым салып, еңбек адамдарының қауіпсіздігін қадағалау керектігін айтты. Бөлініп жатқан қаржыны тиімді пайдаланып, жұмыс сапасын көтеруді міндеттеді.

Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Александр Попов жұмыс тиімділігін арттыру үшін әлі де қызметкерлердің жетіспейтінін айтып, көтерілген мәселелер бойынша міндетті түрде шаралар көретінін жеткізді.

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР