Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Олар:
-Жасөспірімдер мен жастар арасындағы буллинг және кибербулингтің таралуы;
-Жастардың психикалық денсаулығы мен суицидтің алдын алу;
-Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын талқылау.
Жиынды аймақтық кеңес төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы жүргізіп отырды. Отырысқа «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы, қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Имашев Қайрат Есенбекұлы, қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісінің орынбасары Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы және жастарды қолдау кеңесінің мүшелері, партия белсенділері, жастар қанатының мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Қанатұлы Карбаев, Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Мамытов Сапарғали Елеусұлы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқарма басшы орынбасары Абдуллаев Бақытжан Жүсіпәліұлы, Шымкент қаласы Білім басқармасының қосымша білім беру орталығының әдіскері Утегенова Гулзинеп Алтынбековна баяндамалары тыңдалды.
Сонымен қатар, сарапшылар тарапынан ұсыныс-пікірлер тыңдалып, сұрақтар қойылды.
KazPikiR тілшісі