Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметБілімБІЛІМ САЛАСЫ - ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ ҮШІН САПАЛЫ БОЛУЫ ТИІС!

БІЛІМ САЛАСЫ – ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ ҮШІН САПАЛЫ БОЛУЫ ТИІС!

Білім саласын дамыту – өскелең ұрпаққа тәрбие мен сапалы білім беру. Осы мақсатта «АMANAT» партиясының 2023 – 2027 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасында алдағы бес жылда 50 жаңа мектеп және 10 мектептің қосымша ғимаратының құрылысын жүргізу жоспарланған.

Қалалық мәслихат депутаты, «АMANAT» партиясы фракциясы мүшесі ретінде осы жоспарды жүзеге асыру үшін ағымдағы жылы жалпы 5000 орындық үш жаңа мектеп құрылысын жүргіздік.Мақсатымыз– балалардың тұрғылықты жері бойынша мектепке баруына ыңғайлы жағдай жасау, үш аусымды мектеп мәселесін шешуге атсалысу.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы және Енбекші ауданында “Астана “ , “Түркістан”. және көрнекті саяси, қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп ғимаратының құрылысын толық бітіріп, алаңында Ұлт ұстазының ескерткішін орнаттық.

Жаңа үш қабатты білім ордасы толықтай заманауи үлгімен салынған. Сынып кабинеттері қажетті құрал-жабдықтармен, асхана, спорт залы, балалар алаңшасымен қамтылған. Мектеп жаңа оқу жылына дайын.

СУЛАЙМАНОВ Лазиз Низамханұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «АMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР