Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетПікірФРАКЦИЯ - ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА!

ФРАКЦИЯ – ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА!

Өздеріңізге белгілі маусым айының 9-шы жұлдызында «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі республикалық Жол картасы бекітілді. Партия Төрағасы, Мәжіліс спикері Қошанов Ерлан Жақанұлы Үкімет мүшелерінің қатысуымен Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының кеңейтілген жиынын өткізіп, Жол картасындағы іс-шаралардың орындалуына байланысты бюджеттен жұмсалатын қаржыны нақтылады.

Республика бойынша 17 облыс пен 3 републикалық маңызы бар өңірлерде Жол картасы сайлаушылардың талап-тілектері ескеріліп түзілді. Бұл құжатты – халықтың бағдарламасы деуге негіз бар. Біздің қалалық сайлауалды бағдарламамыз тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелері басшылыққа алынып, 10 мыңға жуық өтініштерді зерделей келе дайындалды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат Сайлауы науқанында тұрғындар тарапынан «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2581 ұсыныстар мен талап-тілектер келіп түсті. Оның ішінде қайталанғаны мен бағдарламада көрініс тапқандары – 2222,  Парламент Мәжілісіне жолданғаны – 39,  Шымкент қалалық мәслихат фракциясына 320 ұсыныстар мен талап-тілектер жолданды. Жол картасына  жаңадан өзгерістер жасалынып 15 – ұсыныс енгізілді.

Оның ішінде бүгінге күнге дейін,  Шымкент қалалық мәслихат фракциясының депутаттарына жолданған 320 ұсыныстар мен талап-тілектердің 85 өтініші  орындалып,  оң шешімін тапты. 77 өтінішке түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, 158 өтініш  орындалу барысында.

Әлі де алдағы уақытта Жол картасына тұрғындардың ұсыныстары мен тілектері келіп түсіп жататын болса, депутаттық сауалдар арқылы жүзеге асыратын боламыз. 

Сонымен қатар, сайлау науқанынан кейін қазіргі күнге дейін фракция мүшелерінің қоғамдық қабылдаулары жүйелі түрде өткізіліп келеді. Төрт айдың ішінде кестеге сәйкес 43 қабылдау өтіп, 251 азаматты қабылдап, оның ішінде 114 (45%) тұрғынның өтініші оң шешілді. 137-не (55%) заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейін, партияның қалалық сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасы 4 басымдық (1.Табысты арттыру, 2.Өмір сапасын көтеру, 3.Өмір сүру жағдайын жасау, 4.Экологиялық ахуалды жақсарту), 100 тармақ, 452 индикаторлық іс-шараларды қамтып отыр. Сондай-ақ, бес жылда Жол картасын толық орындау үшін бюджеттен 1,2 триллион теңге қаражат қарастырылған.

Нақтылап айтсақ, бағдарламаны орындауға бөлінетін қаражат қаламыздың алдағы 5 жылдық даму жоспарына сәйкес әзірленді. Жол картасының 2023-2024жж. іс-шараларына қаржыландыру мәселесі толығымен шешілген. 2023ж. – 159,8 млрд теңге, 2024ж. – 186,1 млрд теңге бөлінді.

2023 жылдың 7 айдың қорытындысымен 2023 жылға жоспарланған 93 іс-шараның 12 (13%) аяқталып, 81 орындалу үстінде. Фракция мүшелері тарапынан қатаң бақылауда екенін жеткіземін.

25 мамыр күні партия филиалының Саяси кеңес Бюросының отырысы өткізіліп, Жол картасының әр іс-шарасына фракция мүшелері жауапты етіп бекітілді. Сайлауда қала тұрғындары  партиямызды қолдап, мәслихатта 32 мандаттың 22-орнын аманаттық депутаттар иелендік. Яғни, 70 пайызға жуығы біздің партияластар. Сайлау қорытындысы жарияланған сәттен бастап фракция мүшелері партияның халыққа берген уәделерін орындау үшін кірісіп кеткенін жеткіземін.

«Аманат» партиясының фракция мүшелері Шымкент қаласының мәслихатында аса басымдықпен депутаттық корпусты қалыптастырып отыр. Мәслихат төрағасы аманаттық болып табылады.  

Құрамына келетін болсам, фракция мүшелерінің 13 – ер (65%), 7әйел (35%). Олардың ішінде 5 – депутатымыз жастар (20%) және мүмкіндігі шектеулі азаматша ретінде депутатқа – 1 (5%) орын тиесілі. Орташа жас – 44,5 жасты құрап отыр. Ал, салалар бойынша айтатын болсам: спорт саласы – 2 депутат (10%), білім саласы – 3 депутат (15%),  кәсіпкерлік саласы – 13 депутат (65%), квазимемлекеттік сектор және үкіметтік емес ұйымдар саласы  – 1 депутат (13%) және БАҚ саласы – 1 депутат (9%) қызмет атқаруда. Фракцияның құрамы түрлі сала өкілдерінен құралғандықтан өңірімізде сапалы әрі нақты жұмыс жасауға мүмкіндік болып отыр.

Айта кетейік, 29 маусымда Астана қаласында «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумы өтті. Форумға Шымкент қаласынының депутаттары, фракция мүшелері қатысты. Форумға 3 мыңға жуық адам қатысса, олардың 2,5 мыңы немесе еліміздегі барлық мәслихат депутаттарының 77%-ы – жергілікті өкілді органдардың аманаттық депутаттары болды.

Форумда «AMANAT» партиясының Төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Жақанұлы Қошанов: «Әділет пен адалдық – ажырамас ұғымдар. Ал осы ұғымдардың салтанат құруы үшін қоғамдық сана мен әлеуметтік құндылықтар өзгеруі керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз. Бұл бізге де қатысты. Осы жолда «AMANAT» партиясы барлық игі істердің алғы шебінде жүруі тиіс. Халықтың сенімі бізге күш береді» деген болатын.

Сондай-ақ, Партия Төрағасы «Баршамызды бір миссия – мемлекет пен халыққа адал, риясыз қызмет ету миссиясы біріктіреді. Бүгінгі жиынның символы ретінде Қазақстанның туы бейнеленген депутаттық төсбелгіні бекерге алып отырған жоқпыз. Мұның мағынасы кең. Өткен жылы, Партияның сьезінде Мемлекет басшысы: «Мәслихат депутатының төсбелгісі оны халық сайлағанын білдіреді және депутат тек халықтың мүддесі үшін қызмет етуі керек» деген еді. Сондықтан, бізге қойылатын талап та аса жоғары болатынын естен шығармайық. Сайлаушылар басқаларға кешіргенді, бізге кешірмейді» деп нақтылап айтып өтті.  

Төрт айдың ішінде Жол картасының 2023 жылға жоспарланған іс-шаралары жоспарға сәйкес іске асырылды. Жылдың соңына дейін орындалатынына сенімдімін. Осы күнге дейін мынадай ауқымды жұмыстардың орындалуына атсалыстық.

Атап айтқанда, Шымкент–темір, Оқушылар сарайы, Саз-өнер мектебінің ғимараты, Скейт парк, Тұран ауданының ХҚКО, спорттық алаңшалар, Металлург стадионы, Жаңа Ипподром ашылып, қолданысқа берілді. Сонымен қатар,  инфрақұрылым т.б. іске асуына бақылау орнатудамыз.  

Партия Төрағасы айтқандай, «Фракцияның өз ішінде біртұтас ұстаным қалыптастыру өте маңызды. Бірыңғай ұстаным пікірталастың жоқтығын білдірмейді. Талқылау мен пікірталас ауадай қажет. Бірақ, ол Фракция шеңберінде жүргізілуі керек! Кез келген шешім нұсқау арқылы емес, ортақ келісіммен қабылдануы қажет. Естеріңізде болсын, саяси күресте фракцияның ұстанымы әрқашан бір болуы тиіс. Партиялық жауапкершілік пен тәртіп дегеніміз – осы. Бұл – барлық демократиялық мемлекеттердегі партиялардың базалық принципі».

Сондықтан да, жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып, келіп түскен өтінімдер сала бойынша зерделеніп, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспарын дайындадық.

Барлық талап-тілектердің орындалуын бақылауға алу үшін фракция мүшелері бекітіліп, тұрғындармен кездесудің кестесі жасақталды. Әр өтінім мен іс-шаралардың орындалғанын бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялап отырмыз. 

Дегенмен, халықпен жүйелі түрде кездесуді ұйымдастырып, көшпелі отырыстардың санын арттыруға назар аударудамыз. Жұмысымыздың сапалы әрі дер кезінде орындалуы үшін ауыл билері мен жергілікті белсенді тұрғындармен тығыз байланыс орнаттық.  Әр фракция мүшелері қаладағы 16 округке жауапты етіп бектіліп, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін жергілікті әкімдікке жеткізу үшін депутаттық сауалдарды жүйелі жолдап отырғанын айтып өтейін. Бүгінгі күнге дейін 100-ден астам депутаттық сауалдар жолданды. «Партиялық тізіммен және бірмандатты округтен сайланған депутаттардың құзыреті де, жауапкершілігі де бірдей. Бірмандатты депутаттар халықтың сенімімен, партияның қолдауымен келді. Сондықтан, партия сіздерді жалғыз қалдырмайды. Бұған дейін де қолдап келгенбіз, алда да қолдай береміз» деген Партия Төрағасы нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, Жер аманаты, Құқықтық көмек, Ардагерлерді ардақтайық,  Бақытты отбасы, Кедергісіз келешек, Ұлттық мұра партиялық жобалары аясында фракция мүшелері белсенді түрде қатысып келеді. Фракция мүшелері партиялық филиалмен бірлесе отырып 20 мыңға жуық азаматтарды қамтыған 700-ден астам іс-шараларға қатысып, ұйымдастырды.

Жол картасының орындалуын бақылау мен қоғамдағы резонансты жағдайларға үн қату мақсатында құрылған партия филиалы жанындағы 11 аймақтық кеңестің 3-еуінде фракция мүшелері төрағалық етеді.

Сонымен, қалалық Жол картасының орындалуын басты назарда ұстап отырмыз. Әр іс-шараның жүзеге асуына жауаптымыз. Фракция мүшелері белсенді жұмыс жатқанын білесіздер. Бұл жұмыстарды ары қарай жалғастыра беретін боламыз. 

Әр тұрғынның өтінімі – партия назарында болатынын жеткіземін.

ИМАШЕВ Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР