Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЭкономикаЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасының 4-ші тармағы бойынша ауылшаруашылығы және ветеринария саласында 2023 жылы 35 тұрақты жұмыс орнымен 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Осыған орай, күні кеше партия хатшысы Әлішев Руслан Қанатханұлының тапсырмасына сәйкес, Жол картасындағы әр тармақтың қандай деңгейде екенін анықтау мақсатында орындалып жатқан нысандар мен жобаларды қадағалау үшін Саяси жұмыстар бөлімімен бірге көшпелі мониторинг жүргізілді.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Б.Тулегенов қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қ.Базарбековпен бірге Жол картасына енген нысанның қазіргі жағдайын анықтап, «BIO Food kz» ЖШС басшысы Санжар Абдувахидовпен тілдесті.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Базарқақпа елді мекенінде орналасқан «BIO Food kz» ЖШС сүтті қайта өңдеу кәсіпорны 2022 жылы негізі қаланып, бүгінде кеңейіп жатқан зауытта 25-ке жуық тұрақты жұмысшы істейді. Жоба құны 600 млн теңгені құрайтын кәсіпорында күніне 25 тоннадан астам сүтті қайта өңдеп, қатты ірімшік және сары май өнімін өндіруде. Ішкі нарықты қамтамасыз етіп, қалған бөлігі Қазақстанның барлық қалаларына жіберіледі.


Зауыт басшысының айтуынша сүт өнімдерін экспортқа шығару үшін халықаралық сертификат алу мәселесіне көмек қажет екен. Бекайдар Мұсаұлы бұл мәселені Мәжіліс депутаттарымен бірге министрлікке хат жолдап, шешілуін қарастыруды басқармаға тапсырды.

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР