Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЭкономикаЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛУДА

ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛУДА

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы аймақтық өңірлік даму мен экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңес мүшелері көшпелі отырыс ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Қ.Имашев, кеңес төрағалары фракция мүшесі Л.Сулайманов, партия белсендісі М.Абдукаримов және кеңес мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бекітілген Жол картасындағы тармақтардың орындалу барысы талқыланып, «SHYMKENT TEMIR» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

Аталған мекеменің құрылысы партияның Сайлауалды бағдарламасында бар. Нысан жылына 500 мың тонна болат өндіреді. Шығарылған өнім жақын шет мемлекеттерге және ел аумағында сатылуда.

Қазіргі таңда аталған мекеменің жұмысын кеңейтудің 2 кезеңінде 150-ге жуық азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылып отыр. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуда «SHYMKENT TEMIR» ЖШС-нің үлесі айтарлықтай екенін атап өткен жөн.

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР