Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ - ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП

«AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде ірі жұмыс беруші компаниялардың қатысуымен ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізуде. Бас партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек биыл 300 мың жасты, жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жұмыспен және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ететін орталықтар құрылатынын айтқан болатын. Осылайша, партия жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін жүйелі түрде шешеді. Жалпы, сайлауалды бағдарламада 2027 жылға дейін 1,5 млн жасты жұмыспен қамту көзделген.

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастар рухы» белсенділері мен Жастар ресурстық орталығы КММ-і бірлесіп, «Авто-нұр» базарында «Мүмкіндіктер алаңы» және «Жастарға жұмыс» жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

NEET санатындағы жастар үлесін азайту мен мемлекеттік бағдарламаларды жастарға насихаттау мақсатында өткен жәрмеңкеге, «Еңбек» мобильді орталығы, шағын несие гранттары, тұрғын үй мен «Отбасы банк» орталығының қызметкерлері қатысты.

Жастар жәрмеңкесі – бос жұмыс орындар нарығын зерттеуге және сала мамандарымен тікелей сөйлесуге тамаша мүмкіндік. Жастарға жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыс, алғашқы бос жұмыс орын бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде толықққанды мағлұматтар беріліп, ақпараттық кітапшалар таратылды.

Негізінен жұмысқа жас мамандар керек. Себебі қазіргі жастардың ойлауы, өмірге, қоғамға деген көзқарасы жаңаша. Жұмысымызға тың бағыт береді деген ойдамын. Біздің тараптан қойылатын негізгі талап – жұмысқа деген ынтасы болса, біз қалғанын үйретіп, оның кәсіби маман болып қалыптасуына көмектесеміз. Кез келген адам маман болып тумайды, уақыт өте келе жетіледі және өз ісінің шеберіне айналады, – деді жұмыс беруші «Бадам» ЖШС тігін фабрикасының директоры Гүлзада Нұржанова.

Базар орталығында өткен жәрмеңкеге 40-тан аса жас қатысып, 5 жас Еңбек мобильді орталығына тұрғылықты мекен-жайы бойынша жолдама алды.

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР