Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметСпортЖАСТАРДЫ СПОРТҚА БАУЛУ – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ!

ЖАСТАРДЫ СПОРТҚА БАУЛУ – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ!

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып жатқаны болашақ ұрпақ үшін жасалынып жатқан қадам. Халқымыздың денсаулығы мықты болатын болса, еліміздің ертеңі зор болатынына сенімдімін.

Барша қазақстандықтар спортты дамытып, оған үлес қосуда аянбай тер төгуі керек деп санаймын. Қазіргі таңда әлемдік деңгейде спорт саласынан көптеген жетістіктерге жетіп жатқанымызға куәміз. Көк туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалуда. Осы бағытта жастарды спортқа баулитын жаттықтырушылардың еңбегі зор деп білемін.

Күні бүгін Түркістан қаласында  Сидней олимпиадасының, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған жастар арасында ХІ халықаралық турнир өткізілді. Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жарысқа Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстаннан  15 команда, 120-дан астам талантты жас боксшылары қатысты.

Турнир тартысты өтіп, жеңімпаздар анықталды. Жекпе-жекте жеңіске жеткен жеңімпаздар алда өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғайтын болады. Жеңімпаздарды құттықтап,  алдағы жарыстарда сәттілік тіледім.

СУЛАЙМАНОВ Лазиз Низамханұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР