Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметСпортЖАСТАР – СПОРТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСУДА!

ЖАСТАР – СПОРТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСУДА!

«Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Спартак» су спорт кешенінде 50 метр қашықтыққа жүзу  бойынша жастар арасында турнир өтті.

«Есірткісіз қоғам құру» – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндеті. Оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп  төндіретіні бірімізге белгілі.Қазіргі таңда есірткіге қарсы күрес жүргізу үшін дүние жүзі мемлекеттері аянып жатқан жоқ.Соның ішінде Қазақстан да есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда.

Турнир жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу, жүзуді ұнататын адамдардың спорттық шеберліктерін жетілдіру мақсатында «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында ұйымдастырылды.

Суда жүзу турниріне қала бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жалпы саны – 68 жас қатысты. Оның 54 – ұлдар, 14 – қыздар арасында бақ сынады.

Турнир қорытындысы бойынша:

Ұлдар арасында: 1-ші орын Ильясов Ердәуіт, 2-ші орын Омертай Дулат, 3-ші орын Рахманкулов Батырали

Қыздар арасында: 1-ші орын Капитаненко Каролина, 2-ші орын Серғазиева Адель, 3-ші орын Тастемір Азияда жеңіске жетті!

Сонымен қатар үздік көрсеткіш көрсеткен жастар да Алғыс хаттармен марапатталды.

Баршаңызды жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР