Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметСпортЖОЛ КАРТАСЫНДАҒЫ СПОРТ САЛАСЫ ОРЫНДАЛУДА!

ЖОЛ КАРТАСЫНДАҒЫ СПОРТ САЛАСЫ ОРЫНДАЛУДА!

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасының 2022 жылы 48-ші  тармағында спорттық 300 іс-шара өткізіліп, 45 мың адамды қамтуға бақылау жасауға жауапты болғандықтан, өңіріміздегі спорт саласынының дамуына ерекше көңіл бөліп келемін. Ұлт саулығы басты мәселе болып саналады. Сондықтан денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Тұманбаев І-жарты жылдықта шымкенттік спортшылардың жетістіктері мен алдағы жоспарларды баяндады.

Басқарма басшысының баяндамасына орай, биыл алты ай қорытындысымен, 3 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 32 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 148 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 232 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалған.

Қала спортшылары спорт түрлері бойынша ҚР чемпионаттарына қатысып, 416 алтын, 372 күміс, 398 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттарында қала спортшылары 39 алтын, 18 күміс және 24 қолаға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 28 алтын, 15 күміс және 8 қола медальға ие болды. Дүниежүзілік гимназия ойындарында 11 спорт түрінен 23 спортшы қатысып, нәтижесінде 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Европа чемпионаттарында 2 спорт түрінен 10 спортшымыз қатысып, нәтижесінде 9 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль жеңді.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 1-15 мамыр күндері Кашиас-ду-Сул қаласында /Бразилия/ өткен ХХIV Сурдлимпиада ойындарына еркін күрестен 70 кг. салмақта Рсалы Сабыржан және 65 кг.салмақта Пернеш Шадияр қатысты. Нәтижесінде Рсалы Сабыржан 2 орын, Пернеш Шадияр 5 орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар, олимпиада резервін даярлайтын мектептердің жұмысын қолға алып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамытуға барынша атсалысу керектігін атап өттім.

Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР