Бүгін, партиясы Абай аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясымен бірге Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі әрі партияның Абай аудандық филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы ретінде жұмысшы топпен Абай ауданындағы елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысына зерделеу жүргіздік.
Айта кететін болсам, Абай ауданында сапалы ауыз сумен қамту бойынша 2020-2021 жылдары Жаңаталап, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Ақтас-2 елді мекендеріне жалып ұзындығы – 429,2 шақырым ауыз су құбыры тартылып, құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген.
Қазіргі таңда Құрсай елді-мекенін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 336,5 шақырымды құрайтын су жүйесін тарту жұмысы екі кезең бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бірінші кезеңде 185,5 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйенің 72 пайызы орындалған. Құрылысты аяқтау мерзімі осы жылдың қараша айына жоспарланған. Екінші кезеңдегі су жүйелерінің ұзындығы – 151 шақырым. 2021 жылы басталған құрылыс, биылғы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Қазір бұл нысанда жұмыстың 74 пайызы аяқталған.
Комиссия мүшелері жауапты басқарма өкілдеріне және мердігер мекеме басшыларына аталған мекен жайдағы су резервуарының құрылысы жайлы бірқатар ескертпелер айтып, құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін ескерттік.
Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Абай аудандық партия филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы