Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметИнфрақұрылымНҰРТАС ШАҒЫН АУДАНЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ҚАРҚЫНДЫ ІСКЕ АСУДА.

НҰРТАС ШАҒЫН АУДАНЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ҚАРҚЫНДЫ ІСКЕ АСУДА.

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы AMANAT партиясы фракциясының мүшесі ретінде Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағын ауданының округіне жауапты болғандықтан, инфрақұрылымын  мәселесінің шешілуін бақылауда ұстаудамын.

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасында қаланың инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән берілген. Атап айтатын болсам, Нұртас шағын ауданы – қаламыздағы электр қуаты сапасыз 8 елді мекеннің қатарында екені белгілі.

Бұл мәселені шешу мақсатында  Нұртас шағын ауданында электр қуатын тарту құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін құрылыс жұмыстарының 45 пайыздан астамы аяқталды. Құрылыс барысында  600-ден астам электр бағанасы орнатылып, 8 шақырым электр желілері тартылды. Жоспар бойынша, құрылыс жұмысы жыл соңына дейін аяқталып, іске қосылатын болады.

Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Нұртас елді мекенінде ішкі орамдық газ құбыры тартылуда. Бүгінге дейін жұмыстардың  85 пайыздан астамы аяқталып, 15,7 шақырым газ құбыры орнатылды. Газ құбырын тарту жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.

Ағымдағы жылы Нұртастағы Тасанбаев және Хан тәңірі көшелері жарықтандырылады.

Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, партияның Қаратау аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР