Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметИнфрақұрылымТҰРҒЫНДАР САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ.

ТҰРҒЫНДАР САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ.

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасындағы сапалы электр энергиясыменқамтамасыз ету тармақтарының орындалуы жоғары дәрежеде жүргізіліп келеді. Мәселен, Жол картасындағы қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша ауқымды істер жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, қуаты 220 мВт «Бозарық»  қосалқы станциясын пайдалануға беру жоспарланған. Қуаттылығы 220/110/10 кв «Бозарық» қосалқы станциясының және 220 кВ әуе желісінің құрылыс жұмыстары 100% аяқталып, электр қуатына қосылды.

Екі қосалқы станцияны (қуаты 110 мВт «Ақжар» және «1-М-1») іске қосу мақсатында қуаттылығы 110/35/10 кв «1-М-1» қосалқы станциясының және 110 кВ кабель желісінің құрылыс жұмыстары 100% аяқталды, нысан 13.11.2021 жылы қосып тексеру жұмыстары жүрігізіліп, электр қуатына қосылды.Сонымен бірге, қуаттылығы 110/35/10 кв «Акжар» қосалқы станциясының және 110 кВ кабель желісінің құрылыс жұмыстары 80% аяқталды, нысан құрылысын 30.09.2022 жылы 100% аяқтау жоспарланған.

«Ынтымақ» қосалқы станциясын іске қосу бойынша 02.08.2021 жылы қуаттылығы 110/35/10 кВ «Ынтымақ» қосалқы станциясының және 110 кВ электр желісінің құрылыс салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, №19-0311/21 сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 11,8 млрд. теңгені құрайды.Құрылыс жұмыстарын 2022 жылы бастап 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.  

430 мың адамды сапалы электр  энергиясымен қамтамасыз ететін «Оңтүстік» және «Қызылсу» 2 қосалқы станцияларын іске қосуда  қуаттылығы 220/110/10 кВ «Қызылсу» қосалқы станциясының және 220 кВ электр желісінің құрылыс салу үшін жергілікті бюджеттен жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен анықталған жобалаушы мекемемен жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жобалау жұмыстарын 2022 жылы аяқтау жоспарланған. Құрылыс мерзімі 2023-2025 жылдары.

220/110/10 кВ  «Оңтүстік» қосалқы станциясы бүгінгі таңда әзірленудегі «Шымкент қаласының электр желілерінің 2021-2030 жылдарға даму схемасы» бекітілгеннен кейін, 2022 жылы ЖСҚ әзірлеу содан кейін 2023-2025 жылдары құрылысын салу жоспарланған. 

Электр қуатымен қамту 180 мвт-тан 350 МВт-қа арттыру үшін нақты жұмыстар жүргізіліп отыр. Қуаттылығы 220/110/10 кв «Бозарық» қосалқы станциясының және 220 кВ әуе желісінің құрылыс жұмыстары 100% аяқталды, нысанды сынақтан өткізу үшін тоқ берілді. Арнайы мекемелермен тексеріп бақылау жұмыстары жүруде. Аталған қосалқы станциясы қалада тоқ көзін 220 МВт-тан 300 МВт-қа ұлғайтады.

Сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қазіргі таңда,81 елді-мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді-мекенде электр қуаты сапасыз.

2022 жылы сапалы электр қуатымен қамту бойынша 11 нысанның, о.і. 9 елді мекенде ішкі жүйелерініңжәне 2 қосалқы стансаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (Қаралған қаржы – 11,0 млрд.теңге (РБ– 8,8 млрд.тг., МБ – 2,2 млрд.тг)

1. «Ақжар» 110/35/10кВ «Ынтымақ» 110/35/10кВДостық ш.а.БатысНұртасСаулеТуран Қайнар бұлақСолтүстік саяжайЖаңаталапНұрсәт

Жыл қорытындысымен 1 қосалқы станцияның(Ақжар 110 кВ), 8 елді мекенде (Жаңаталап, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай, Батыс, Тұран, Нұртас, Сауле, Достық)ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 17 мыңға жуық адамдысапалы электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 97%-дан, 99%-ға жеткізіледі.

2023-2025 жылдарға арналған қаланың даму жоспарына сәйкес, қала халқын 100% сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында,қосалқы стансалар Ынтымақ 110 кВ, Қызылсу 220 кВ, Жұлдыз 220 кВ, Туран 110 кВ, Шымсити 110 кВ  жобаларды іске асыру жоспарға қойылған.

Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР