«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасындағы бекітілген қаланың инфрақұрылым жүйелері бойынша келесі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда:
Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша
Қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 78-і (1084,9 мың адам) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 3 елді мекен кестемен (Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ) қамтамасыз етілуде.
2022 жылы 7 нысанның (Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 2 кезек, Нұртас ВС, Текесу е/м, Қайнарбұлақ е/м, Еңбекші ауданы жаңа құрылыстар) құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
2022 жылдың қорытындысымен 5 нысанның (Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 2кезек, Нұртас ВС, Текесу е/м) құрылыс жұмыстары аяқталып 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады.
Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі.
2023-2025 жылдарға арналған қаланың даму жоспарына сәйкес, қала халқын 100% ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Қайнарбұлақ, Сайрам тұрғын алабының құрылысын аяқтау және қаланың оңтүстік бөлігінде су тапшылығын жою бойынша магистралды су құбырларымен су көзін салу жоспарға қойылған.
Кәрізбен қамтамасыз ету бойынша
2021 жылы 6,3 млрд. теңгеге 13 нысанның құрылысы жүргізілді(оның ішінде, 3 магистралды, 10 ішкі орамдық).
Жыл соңымен1 магистралды 2 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 18 мыңға жуық халық кәріз жүйесіне қосылды (Магистралды – Тұран. Ішкі жүйе – Самал-1, Наурыз).
Нәтижесінде, кәріз жүйесімен қамту деңгейі 52,3%-дан54%-ға жеткізілді.
Қазіргі таңда, 81 шағын ауданның 19-ы (597,8 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 62 шағын аудан қамтылмаған.
2022 жылы 14 нысанның (о.і. 2 магистралды кәріз коллекторының, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 11 ішкі орамдық жүйенің) құрылыс жұмыстары жүргізіледі. (Қаралған қаржы – 7,0 млрд.теңге (РБ– 5,4 млрд.тг., МБ – 1,6 млрд.тг) қосымша РБ қолдағаны: 0,7 млрд.тг.)
Аяқталатын магистралдар: Арғынбеков кол,Тұран ішкі магистралДостық КНС | Аяқталатын нысандар: Самал-3Солтүстік-ШығысҰлағат,Мирас-Шапағат-2Жұлдыз т.а.Хлопзавод | 2023ж өтпелі нысандар: 7. Достық 8. Асар-2 9. Тассай 10. Тұран ішкі жүйе 11. Бозарық ш/а 74 га |
2022 жылдың қорытындысымен 2 магистралды кәріз коллекторының, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 6 нысанның құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесіне қосылады.
2 маг: Арғынбеков, Тұран ішкі магистрал
1 КНС: Достық КНС
6нысан: Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік – Шығыс, Хлопзавод-Шолохов көшелері, Жұлдыз т.а.
Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 54%-дан, 60%-ға өседі.
Бүгінгі таңда 10 нысанның құрылыс жұмыстары басталды (Арғынбеков кол, Тұран ішкі магистрал, Самал-3, Достық, Асар-2, Тассай, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік – Шығыс, Тұран ішкі жүйелер ).
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 4 нысанға бюджеттен 163,4 млн. теңге қаржы қаралып, Жұлдыз елді мекені, Достық шағын ауданындағы кәріз сорғы стансасы, Хлопзавод шағын ауданын, Шолохов көшесі және Бозарық шағын ауданында ауданы 74 га көп қабатты тұрғын үйлерге магистральдық кәріз желілері мен кәріздік сорғы станциясының құрылысы жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүруде.
2022-2025 жылдары қаланың оңтүстік, солтүстік бөлігінің кәріз жүйесімен қамту үшін дамыту жоспарына сәйкес, 2 дана КОС, КНС-28 магистралдық коллекторлар және елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда (2025 жылға 75 %).
Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, партияның Қаратау аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы