Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметОтбасыОРТАЛЫҚ АППАРАТТА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

ОРТАЛЫҚ АППАРАТТА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Нұр-Сұлтан қаласында партияның Орталық Аппаратында «АMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ЗӘКИЕВА Динара Болатқызының жетекшілігімен кезекті отырысымыз өтті. Жиынға «АMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек қатысты. Отырысқа Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары, Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрайымы ретінде қатыстым.

Сонымен қатар, жиында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ДҮЙСЕНОВА Тамара Қасымқызы Әлеуметтік қамсыздандыру кодексін әзірлеу бойынша баяндама жасады. Қосымша жаңартылған пішіндегі enbek.kz платформасының және әлеуметтік қызмет порталының таныстырылымы өтті.

Сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасыларға қолдау және көмек көрсететін «Бақытты Шаңырақ» Қорының төрағасы, кеңес мүшесі СҰЛТАНОВА Ботагөз сөз алып, Әлеуметтік кодекс жобасына ұсыныстарымызды жолдадық. Отырыс соңында Павлодар облыстық кеңес төрайымы СТРЕЛКОВСКАЯ Марина Владимировнаға сөз беріліп, жиынды Динара Болатқызы аяқтады. Әр өңірлерден келген әріптестерім сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алдық.

Ал, екінші күні «Шұғыл қызмет-111» байланыс орталығының жұмыс барысымен таныстық. Қазіргі таңда барлық өңірлерде іске қосылған шұғыл қызметтің тиімділігі артып отыр. Отбасылық жағдайда қиындыққа тап болған әрбір азамат қоңырау шалып, көмек сұрауға болады.

Кеңес отырысы жоғары деңгейде өтті. Баршамыз, ұйымдастырушыларға сауапты әрі жауапты қызметтеріне сәттілік тілеп, бірлесе жұмыс атқаратынымызды жеткіздік!

Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары, Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрайымы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР