Бүгін AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалында Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Қуанышбеков, комиссия мүшелері қатысты.
Күннің қарарында AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасындағы инфрақұрылым тармақтарының жүзеге асырылуы жайында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков баяндама жасады.
Сонымен қатар, жиынға Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы AMANAT партиясы фракциясының мүшесі әрі Қаратау аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы ретінде қатысып, Қаратау ауданындағы инфрақұрылым бойынша жүргізілген зерделеу жұмыстары туралы баяндап өтейін. Атап айтқанда, Қаратау ауданында 268 мың халық, 24 елді мекен бар. Осы уақытқа дейін аудандағы елді мекендерде өзекті мәселелер ауыз су, электр энергиясы және табиғи газ болып келген.
2021 жылы ауыз сумен – 4, электр энергиясы – 3, табиғи газбен – 3 елді мекен қамтылды. 2022 жылы ауыз сумен – 3, электр энергиясы – 4, табиғи газбен – 4 елді мекен қамтылатын болады.
Ауыз су | Электр энергиясы | Табиғи газ |
7 елді мекенде | 7 елді мекенде | 7 елді мекенде |
2020-2021 жылы 5,8 млрд теңгеге тиісті жұмыстар атқарылған (Тұран, Достық, Тассай, Асар-2 1 кезек) | 2020-2021 жылы 2,5 млрд теңгеге тиісті жұмыстар атқарылған (Тассай ш/а, Асар-2 ш/а, Азат ш/а) | 2020-2021 жылы 2,6 млрд теңгеге тиісті жұмыстар атқарылған (Достық ш/а, Асар-2 ш/а, Азат ш/а) |
2022 жылы 9,1 млрд теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда (Қайнар бұлақ т.а., Асар-2 2 кезек, Сайрам аумағы) | 2022 жылы 5,9 млрд теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда (Қайнар бұлақ т.а., Достық ш/а 2 кезек, Асар-2 2 кезек, Тұран ш/а) | 2022 жылы 13,8 млрд теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда (Қайнар бұлақ т.а., Асар-2 2 кезек, Тұран ш/а, Тассай т.а.) |
Ал, кәріз жүйесімен қамтылуда ауданның 24 елді мекенінің 5 – уі кәріз жүйесімен қамтылып, 19 – ы қамтылмаған. 2021 жылы қамту көрсеткіші 25,6 пайыз құраған. Ал, 2022 жылы 19 мыңға жуық үй кәріз жүйесімен қамтылып, қамту көрсеткіші 42,7 пайызға жететін болады. 2021 жылы басталған 5 нысан биыл аяқталады. Достық, Асар-2, Мирас, Тассай, Тұран ішкі магистралдары.
Жол мәселесі бойынша жалпы ауданда магистралды 11 көше (85,5 км), ішкі орамдық 1261 көше (1024,5 км) бар. Аудандағы 1272 көшенің, оның ішінде 28 көше (21 км) топырақ жол, 472 көше (463,5 км) асфальт жол, 761 көше (540 км) тас жол. 2021 жылы жалпы ұзындығы 56,8 шақырымды құрайтын 61 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген. Ал, 2022 жылы 81 шақырымды құрайтын 77 көше асфальттанады. Қалған 441 шақырымды құрайтын 466 көшеге 2025 жылға қарай 100% асфальт төсеу жоспарлануда.
Аудан аумағындағы ирригацияның жалпы ұзындығы 178 км құрайды. 2022 жылы су алудың алдын алу мақсатында 12 орынға ирригациялық арықтар орнату жұмыстары жүргізілетін болады.
Жарықтандыру бойынша – 2020 жылға дейін 64 көше, 2021 жылы 31 көше қамтылған болса, 2022 жылы 29 көше мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында жарықтандырылатын болады. Ал, 2023-2025 жылдар аралығында 268 көше жарықтандырылады деп күтілуде.
2021 жылы 1,2 млрд теңгеге 32 аула, 29 спорт алаңшалары салынды. Ал, 2022 жылы 39 аула, 6 спорт алаңшасын салуға 1,27 млрд теңге бөлініп отыр. Жалпы аудан аумағында 554 көп қабатты үй, 192 аулаға біріктірілген. Оның 164 абаттандырылған. Қалған 28 ауланы (Нұрсат, Тұран-2) абаттандыру 2023 жылға жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, «AMANAT» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Шымкент қаласында жүзеге асыру бойынша бекітілген Жол картасының орындалу барысына сәйкес қаланың инфрақұрылым жүйелері бойынша да бірқатар атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтейін:
Атап айтқанда, Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, қаланың оңтүстік бөлігіндегі «Сайрам-су» су көзінен «Орталық-2» су жинақтағыш имаратына дейінгі магистралды суаққысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Бүгінгі таңда, қала әкімдігінің шешіміне сәйкес, су көзінің орны ауысуына байланысты, жобаға түзетулер енгізілу қажет. 2022 жылғы бюджетті нақтылауға аталған жобаға түзету енгізу мақсатында, қосымша қаржы қарастыруға өтінім жолданды.
Сонымен қатар, қалған 3 магистралды суаққының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, басқарманың 2022 жылғы жоспарына қойылды. Бүгінгі таңда, жобалауға қажетті қаржыны анықтау бойынша смета жасақталуда.
Жол картаға сәйкес, «Сайрам», «Қызыл су» және «Исфиджаб» т.а. бойынша жер асты сулары қорының көлемін анықтау бойынша геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргізуші мекемені анықтау мақсатында, жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Сонымен қатар, Сайрам тұрғын алабындағы ауыз су жүйелерінің 1,2-кезеңдеріне қайта құру жұмыстарына жоба әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс құны – 2,2 млрд.тенге. Ендігі кезекте, аталған тұрғын алаптың 3-кезеңіне, яғни Жаңақұрылыс аумағын сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету үшін, жобалаушы мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Сонымен партиялық бақылау комиссиясының тарапынан жүргізілген жұмыстарға қысқаша тоқталып өтсем.
16.04.2022 жылы Партиялық бақылау комиссиясы әлеуметтік нысандарды араладық. Зерделеу жұмыстары барысында Қаратау ауданында орналасқан сауда орындары, денсаулық сақтау саласы, білім беру мекемелерінің нысандарын аралап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігі барысымен танысып, кемшіліктер бойынша тиісті ұсыныстар айттық.
20.05.2022 жылы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы ретінде Қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргіздім.
24.06.2022 жылы Партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңестің мүшелері тарапынан «Алатау» саябағына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстарына Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы Д.Тұрғанбай қатысты.
Нәтижесінде қазіргі таңда саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстауға жауапты мердігер мекеме «Жасыл жер» ЖШС 02.06.2022 жылы анықталып, келісімшарт түзілді. Саябақтағы суғару жүйелері қайта қалпына келтірілуде, жасыл желектерді суғаруға арнайы көлік құралдары тартылып, кестеге сәйкес суғарылуда.
Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, партияның Қаратау аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы