Қазіргі таңда отбасы мәселесі өзекті болып табылатыны белгілі. Мемлекеттің мықты болуы әр отбасының берік болуымен сипатталады. Партияның басты құндылықтарының бірі ретінде отбасы мәселесі бірініші кезекте тұрады. Бүгінгі күні Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, ауқымды жұмыстар жұмыстар атқарылып жатқанын жеткіземін.
Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында «Елдің қоғамдық-саяси өмірінде әйелдердің рөлін арттыру, өзін-өзі танытудың тең мүмкіндіктерін жасауға» сәйкес, басқарма тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (екінші кезеңі) орындау мақсатында және отбасы мәселелері бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 арнайы жобаны жүзеге асырылуда. Атап айтқанда,
- «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институтционализациялау»
- «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»;
- «Мерейлі отбасы»;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасы аясында «Парасатты отбасы» конкурсын ұйымдастыру;
Аталған жобалар шеңберінде отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресуге, алдын алуға, отбасылардың рухани құндылықтарын дәріптеуге арналған арнайы мамандардың қатысуымен 60 кездесу ұйымдастырылады.
«Отбасындағы зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның әлеуметтік проблемасы» тақырыбында 2000 респондентті қамтитын сауалнама жүргізіледі.
Жас ұрпақтың санасына отбасы құндылықтарын сіңіріп, отбасы институтының діңгегін нығайтуға жоғары және орта арнаулы оқу орындарында «Ұлдар кеңестері», «Қыздар кеңестерінің» отырыстары өткізіледі.
Сонымен қатар, отбасы құндылықтарын насихаттау, оның құндылығын дәріптеу, жастарды жарасымды отбасылық өмірге даярлау, бала тәрбиесі оларды әлеуметтік қолдауға бағытталған «Отбасы – бақыт мекені», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» жобалары жүзеге асырылады.
Гендерлік саясатты дамыту, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру бағытында «Ардагерлер кеңестері», «Әкелер кеңестері», «Аналар кеңестерінің» отырыстары ұйымдастырылады. Түрлі салада белсенді еңбек етіп және еңбегі елеусіз қалып жүрген әйелдерді анықтау арқылы, олардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында ақпараттық қолдау көрсетіліп, еңбек жолын көпшілі кке үлгі ретінде насихаттап, сұхбаттар өткізіледі.
Бұдан бөлек отбасылық және гендерлік саясатты дамыту бойынша 1000 адамды қамтитын әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі. Жоғарыда аталған бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар БАҚ-та және әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланып отыр.
2022 жылы Шымкент қаласында жергілікті БАҚ-та отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбында түрлі материалдар жариялау, отбасылық құндылықтарды, ұрпақтар сабақтастығын, үлкендерге, әкеге, анаға, кішілерге деген қамқорлықты насихаттайтын түрлі тақырыптық материалдар, арнайы бейне роликтер мен фильмдерді әзірлеу және көрсету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Бұл бағытта бірқатар бейнероликтер әзірленуде және тамыз айынан бастап БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланатын болады.Бейнероликтердің мазмұны, үлкендерді құрметтеу, ата-анаға қамқорлық жасау, отбасылық құндылықтарын насихаттау және бала тәрбиесін қамтиды.
Бұдан бөлек мерзімді басылымдарда «Үлкенге құрмет», «Отбасы – кіші мемлекет», «Тәрбие» тақырыптарында арнайы айдарлар ашылса, «Ел болам десең бесігіңді түзе», «Отанды сүйу иманнан», «Дәстүріңді сақтау – ұлтыңды сақтау», «Тәуелсіздік – ел тірегі», «Қайырлы іс – қайтарусыз қалмайды», «Сараңдық адам баласына жат» және т.б. тақырыптық бейнероликтер 100 мыңға дейінгі жазылушылары бар бірнеше әлеуметтік желі парақшаларында таратылды.
Сондай-ақ, тақырыптық бейнероликтердің қала көшелерінде орналасқан LED-экрандар бойынша да көрсетілімі жүргізілді (көрсетілім тәулік бойы және жыл соңына дейін жүргізілді).
Сонымен қатар, қала көшелерінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған түрлі тақырыптық 49 көрнекі үгіт құралдары (баннерлер) орнатылған.
Оның ішінде, балалардың құқықтығын қамтамасыз ету мақсатында алимент төлеу тақырыбы бойынша – 21 баннер, ажырасу жағдайларының алдын алу бойынша – 18 баннер, көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен (балкондарынан) кішкентай балалардың құлау жағдайларының алдын алу бойынша – 9 баннер орнатылған.
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында «Неке және отбасы туралы» Кодекстің нормаларын түсіндіру, демографиялық саясат, ана мен баланы қорғау және олардың денсаулығын жақсартуда, отбасылық, рухани құндылықтарды насихаттау, қоғамда отбасының беделін арттыру, жас отбасыларына қолдау көрсету, отбасы, бала психологиясы туралы жергілікті телеарналарда «Денсаулық», «Настоящая работа», «Менің отбасымның тарихы» телебағдарламаларында және «Көзқарас» ток-шоуында, сондай-ақ «Ақ босаға» журналында, «Дөңгеленген дүние», «Өзге пікір», «Уақыт», «Қызмет» газеттерінде тұрақты жариялануда.
Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы AMANAT партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары, партияның республикалық Саяси Кеңесінің мүшесі, Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрайымы